Павлодар облысында мұнай-химия өнімдерін жасап шығаратын толық циклді зауыт іске қосылды
© Photo : Пресс-служба акима Павлодарской областиПавлодар обласы
© Photo : Пресс-служба акима Павлодарской области
Жазылу
Бұл Қазақстанда мұнай-химия өнімдерін толық циклмен өндіретін алғашқы зауыт
НҰР-СҰЛТАН, 28 шілде – Sputnik. Павлодар облысында мұнай-химия өнімдерін жасап шығаратын толық циклді зауыт іске қосылды, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Экспортқа бағытталған кәсіпорын жыл сайын 30 мың тонна реагенттер мен қоспалар жасап шығаруға мүмкіндік береді.
"Қазмұнайхим" ЖШС-ің жаңа зауыты Қазақстанда мұнай-химия өнімдерін толық циклмен өндіретін алғашқы зауыт. Оның қуаттылығы - жылына 30 мың тоннаға реагент пен қоспаларды құрайды. Осылайша, зауыт еліміздің мұнай өндіруші және мұнай өңдеуші кәсіпорындарын 60%-ға қамтамасыз етіп, өз өнімін ТМД, Еуропалық Одақ, Таяу Шығыс және АҚШ елдеріне жеткізеді.
© Photo : Пресс-служба акима Павлодарской областиПавлодар облысында мұнай-химия өнімдерін жасап шығаратын толық циклді зауыт іске қосылды
Павлодар облысында мұнай-химия өнімдерін жасап шығаратын толық циклді зауыт іске қосылды
© Photo : Пресс-служба акима Павлодарской области
Зауыт үш кезең бойынша жүзеге асырылады. Инвестициялардың жалпы көлемі - 2,5 млрд. теңге. Қазіргі кездің өзінде 30 тұрақты жұмыс орындары құрылды. Зауыт директоры А. Кенжебаевтың айтуынша, 2022 жылдың төртінші тоқсанында күрделі мұнай-химия өнімдерін жасауға мүмкіндік беретін жоғары температуралы синтез қондырғысының құрылысын бастау жоспарланып отыр.
Облыс әкімі отандық кәсіпкерлер жүзеге асырған жобаның маңыздылығын атап өтті.
© Photo : Пресс-служба акима Павлодарской областиПавлодар облысында мұнай-химия өнімдерін жасап шығаратын толық циклді зауыт іске қосылды
Павлодар облысында мұнай-химия өнімдерін жасап шығаратын толық циклді зауыт іске қосылды
© Photo : Пресс-служба акима Павлодарской области
"Павлодар облысында жүзеге асырылып жатқан технологиялық үдеріс заманауи әлемдік экономиканың жағдайындағы жылдам шешім әрі нарықтың сұранысына жауап береді. Кәсіпорын мемлекет, бизнес және ғылымның өзара әрекеттестігін іс жүзінде көрсетіп отыр. Бұл осындай жобалардың жиынтығын жүзеге асыру арқылы терең зерттеулер жүргізуге болатынын көрсетеді", - деді Әбілқайыр Сқақов.
"Павлодар" АЭА аумағында 18 кәсіпорын жұмыс істейді. Қазір мұнда шығарындыларды және шайынды суларды азайту үшін тазалау қондырғыларын құру жұмыстары жүріп жатыр.
Аймақ басшысы осы жобаны жүзеге асыру барысымен танысты. Қазіргі кезде биологиялық резервуарды орнату жұмыстары аяқталып, негізгі корпустың ғимаратының құрылысы жүріп жатыр. Әбілқайыр Сқақов АЭА-ың инфрақұрылымын дамыту және оған ары қарай қызмет көрсету бойынша бірқатар тапсырмалар берді.