Қоғам

Нұрсұлтан Назарбаев Түркиядан елге оралды

© AP Photo / Alastair GrantНұрсұлтан Назарбаев
Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.07.2022
Жазылу
НовостиTelegram
Ол демалысын шет елде өткізген болатын
НҰР-СҰЛТАН, 28 шілде – Sputnik. Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев Түркиядан Қазақстанға оралды. Бұл туралы оның баспасөз хатшысы Айдос Үкібай мәлімдеді.
Айтуынша, Назарбаев Түркияда демалысын туыстары мен жақындарының ортасында өткізген.

"Анонимді дереккөздердің түрлі қауесетіне қарамастан, тұңғыш президент демалыс кезінде шетелдік ресми тұлғалармен және бизнес өкілдерімен ешқандай кездесу өткізген жоқ", - деп жазды Үкібай твиттерде.

Бұған дейін телеграм-арналарда Нұрсұлтан Назарбаев саяси және бизнес элита өкілдерімен кездескені туралы ақпарат тараған еді.
Жаңалықтар
0