Елордада футбол алаңынан ер адамның мәйіті табылды

© Photo : Сайт акимата г. Нур-СултанДвор, благоустроенный в рамках пилотного проекта «Бюджет участия»
Двор, благоустроенный в рамках пилотного проекта «Бюджет участия» - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.07.2022
Жазылу
Қазір аталған оқиғаға қатысты тергеу жүргізіліп жатыр
НҰР-СҰЛТАН, 28 шілде – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласындағы футбол алаңдарының бірінен 38 жастағы ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
"26 шілде күні сағат 10.11-де "102" арнасына Петров көшесіндегі футбол алаңының жанынан 38 жастағы ер адамның мәйіті табылғаны туралы қоңырау түсті", – делінген хабарламада.
Қазір аталған оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің 105 бабы бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.
Жаңалықтар
0