Сот банктен 400 млн теңге аударып алған директорды ақтады

© Sputnik / Владислав ВодневАқша, теңге
Ақша, теңге - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.07.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 28 шілде – Sputnik. Жоғарғы сот ұрлық үшін жеті жылға сотталған қаржы директорын ақтады. Оның әрекетінде қылмыс құрамы жоқ болып шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Былтыр қараша айында жекеменшік фирманың қаржы директоры В.Федин аса ірі мөлшерде мүлік ұрлағаны үшін (ҚК 188-бабының 4-бөлігі 3-тармағы) жеті жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Іс материалдарына сәйкес, Федин банктің бағдарламасында ақаулық шыққанда мобильді қосымша арқылы басқа адамдардың шоттарына ақша аударды.
Соның салдарына банкке 400 миллион теңгеден астам залал келтірілген.
"Фединнің өзі ЖШС қаржы директоры және платина картасының иесі болғандықтан, банк лимитсіз ашық деп ойлады. Ол банктің ақпараттық жүйесіне әсер ету үшін ешқандай әрекет жасаған жоқ. Іркіліс кезінде ақша аударымын Федин ғана емес, банктің басқа 35 клиенті де жасаған. Бірақ басқаларға қатысты қылмыстық жауаптылық туралы мәселе көтерілген жоқ", - делінген ресми хабарламада.
Бұдан бөлек, зиянның мөлшері тек банк өкілінің айғақтары мен карталық шоттан үзінді көшірмелер негізінде ғана анықталды. Сот сараптамалары жүргізілген жоқ. Ал банктік қызмет көрсету шартында карта ұстаушының банк алдындағы "техникалық" берешегі үшін (төлем лимитінен асып кеткен кезде) қылмыстық жауапкершілік емес, азаматтық-құқықтық жауапкершілік қарастырылған.
Осы мән-жайларды негізге ала отырып, кассация қылмыстық істі тоқтатып, Фединді қамақтан босатты. Оның оңалту құқығы танылды.
Жаңалықтар
0