https://sputnik.kz/20220728/almaty-armeniya-kolik-26408145.html
Алматыда Армениядан әкелінген нөмірлері бірдей көлік анықталды
Алматыда Армениядан әкелінген нөмірлері бірдей көлік анықталды
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 28 шілде – Sputnik. Полицейлердің назарына "Ниссан" және "Тойота Альфард" маркалы көліктер ілікті. Екі көлікте де бір нөмір және бірдей көлікті... 28.07.2022, Sputnik Қазақстан
2022-07-28T19:41+0500
2022-07-28T19:41+0500
2022-07-28T19:41+0500
қоғам
алматы
көлік
армения
https://sputnik.kz/img/07e4/0a/13/15235346_5:0:3646:2048_1920x0_80_0_0_be67d443d714c99f1b1aadb9dca79b59.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 28 шілде – Sputnik. Полицейлердің назарына "Ниссан" және "Тойота Альфард" маркалы көліктер ілікті. Екі көлікте де бір нөмір және бірдей көлікті тіркеу куәлігі бар, деп хабарлайды Алматы қалалық полиция департаменті.Екі шетелдік көлік те Армения Республикасында тіркелген. Бірақ Қазақстан азаматтарына тиесілі.Белгілі болғандай, шағын автобус жүргізушісі, Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданына жолаушы тасымалдаумен айналысады. Ол көлікті бірнеше ай бұрын Батыс Қазақстанда сатып алғанын айтады. Бұл дерек Әуезов аудандық полиция басқармасында тіркелген. "Ол бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, тиісті сараптамалар тағайындалып, нәтижесінде аталған көлік жүргізушілерінің қайсысы жалған нөмірді пайдаланғаны белгілі болады, одан әрі Қазақстан заңнамасына сәйкес шаралар қабылданатын болады", - деді Алматы қалалық әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі Болатбек Баятанов.Көлік құралдары мамандандырылған айыппұл тұрағына орналастырылды.
алматы
армения
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0a/13/15235346_460:0:3191:2048_1920x0_80_0_0_4d0b2c109598cb32c64423f07c70db97.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, көлік, армения
Алматыда Армениядан әкелінген нөмірлері бірдей көлік анықталды
НҰР-СҰЛТАН, 28 шілде – Sputnik. Полицейлердің назарына "Ниссан" және "Тойота Альфард" маркалы көліктер ілікті. Екі көлікте де бір нөмір және бірдей көлікті тіркеу куәлігі бар, деп хабарлайды Алматы қалалық полиция департаменті.
Екі шетелдік көлік те Армения Республикасында тіркелген. Бірақ Қазақстан азаматтарына тиесілі.
Белгілі болғандай, шағын автобус жүргізушісі, Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданына жолаушы тасымалдаумен айналысады. Ол көлікті бірнеше ай бұрын Батыс Қазақстанда сатып алғанын айтады. Бұл дерек Әуезов аудандық полиция басқармасында тіркелген.
"Ол бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, тиісті сараптамалар тағайындалып, нәтижесінде аталған көлік жүргізушілерінің қайсысы жалған нөмірді пайдаланғаны белгілі болады, одан әрі Қазақстан заңнамасына сәйкес шаралар қабылданатын болады", - деді Алматы қалалық әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі Болатбек Баятанов.
Көлік құралдары мамандандырылған айыппұл тұрағына орналастырылды.