https://sputnik.kz/20220727/turkistanda-tagy-bir-basshy-paramen-ustaldy-26384745.html
Түркістанда тағы бір басшы парамен ұсталды
Түркістанда тағы бір басшы парамен ұсталды
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 27 шілде – Sputnik. Түркістан облысында қоластындағы жұмысшыдан ірі көлемде ақша талап еткен басшы ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz сайты. 27.07.2022, Sputnik Қазақстан
2022-07-27T18:56+0500
2022-07-27T18:56+0500
2022-07-27T18:56+0500
түркістан
пара
басшы
https://sputnik.kz/img/1249/28/12492855_0:0:2000:1125_1920x0_80_0_0_92fb7c2e67cc0d269b62612205e41b56.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 27 шілде – Sputnik. Түркістан облысында қоластындағы жұмысшыдан ірі көлемде ақша талап еткен басшы ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz сайты. Ресми мәліметке сәйкес, криминалдық полиция басқармасына Келес ауданының тұрғыны шағымданып, басшысының үстінен арыз жазған. Оның айтуынша, жұмыс істейтін мекемедегі бөлім басшысы жұмыста қалдырғаны үшін ірі көлемде ақша талап еткен. Осы іс бойынша арнайы жасақ құрылып, күдіктіні ұстау операциясына ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері де тартылды. Бөлім басшысы Абай кентінде қылмыс үстінде ұсталды. Ол қоластындағы жұмысшыдан миллион теңге алып жатқан. Заттай дәлел ретінде ақша тәркіленді. Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 190-бабы 2-бөлігі ("Алаяқтық") бойынша тергеу шаралары басталды.Айта кетері, осы қылмыс үшін белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айырылуы мүмкін. 4 000 айлық есептiк көрсеткiшке (12 720 000 теңге) дейiнгi айыппұл не сол мөлшерде түзеу жұмыстары немесе 1 000 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту да қарастырылған. Төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы да қолданылуы мүмкін. Кінәлі адамның мүлкі тәркiленеді.
түркістан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1249/28/12492855_265:0:1765:1125_1920x0_80_0_0_9296c44a1269f10ff45bd491d895babd.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
түркістан, пара, басшы
Түркістанда тағы бір басшы парамен ұсталды
НҰР-СҰЛТАН, 27 шілде – Sputnik. Түркістан облысында қоластындағы жұмысшыдан ірі көлемде ақша талап еткен басшы ұсталды, деп хабарлайды
Polisia.kz сайты.
Ресми мәліметке сәйкес, криминалдық полиция басқармасына Келес ауданының тұрғыны шағымданып, басшысының үстінен арыз жазған. Оның айтуынша, жұмыс істейтін мекемедегі бөлім басшысы жұмыста қалдырғаны үшін ірі көлемде ақша талап еткен.
Осы іс бойынша арнайы жасақ құрылып, күдіктіні ұстау операциясына ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері де тартылды. Бөлім басшысы Абай кентінде қылмыс үстінде ұсталды. Ол қоластындағы жұмысшыдан миллион теңге алып жатқан. Заттай дәлел ретінде ақша тәркіленді. Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 190-бабы 2-бөлігі ("Алаяқтық") бойынша тергеу шаралары басталды.
Айта кетері, осы қылмыс үшін белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айырылуы мүмкін. 4 000 айлық есептiк көрсеткiшке (12 720 000 теңге) дейiнгi айыппұл не сол мөлшерде түзеу жұмыстары немесе 1 000 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту да қарастырылған. Төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы да қолданылуы мүмкін.
Кінәлі адамның мүлкі тәркiленеді.