https://sputnik.kz/20220727/talgar-kokpar-qamaldy-26364733.html
Талғарда көкпаршылар 10 тәулікке қамалды
Талғарда көкпаршылар 10 тәулікке қамалды
Sputnik Қазақстан
Полиция мұндай ұлттық ойындар адам өміріне қауіп төндірмейтін арнайы орындарда ұйымдастырылуға тиіс екенін атап өтті 27.07.2022, Sputnik Қазақстан
2022-07-27T07:04+0500
2022-07-27T07:04+0500
2022-07-27T07:27+0500
көкпар
алматы облысы
https://sputnik.kz/img/07e6/02/0b/22706714_0:319:3074:2048_1920x0_80_0_0_27bb6bb1d3ea7501de5806ab64ee48ff.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 27 шілде – Sputnik. Сот Талғарда көкпар ұйымдастырушылар мен қатысушыларын 10 тәулікке қамау туралы үкім шығарды, деп хабарлады Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі."Тәртіп бұзушылар үш әкімшілік бап бойынша (ұсақ бұзақылық, көлік транспортының қозғалысына кедергі жасау, жолаушылар мен жүкті тасымалдау ережесін бұзу) жауапқа тартылды және 10 тәулікке қамауға алынды", - делінген хабарламада.Көкпар қатысушылары видеоүндеу жариялап, тұрғындардан кешірім сұрады. Полиция мұндай ұлттық ойындар адам өміріне қауіп төндірмейтін арнайы орындарда ұйымдастырылуға тиіс екенін атап өтті.Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде көкпаршылардың видеосы тарады. Шабандоздар көшеде ойнап, үйлердің ауласына дейін кіріп кеткен. Соның салдарынан көлік кептелісі болды. Аулада тұрған көліктерге зақым келген.
алматы облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/02/0b/22706714_234:0:2965:2048_1920x0_80_0_0_a22279c6a4e81883a28bdeff6676e772.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
көкпар, алматы облысы
Талғарда көкпаршылар 10 тәулікке қамалды
07:04 27.07.2022 (жаңартылды: 07:27 27.07.2022) Полиция мұндай ұлттық ойындар адам өміріне қауіп төндірмейтін арнайы орындарда ұйымдастырылуға тиіс екенін атап өтті
НҰР-СҰЛТАН, 27 шілде – Sputnik. Сот Талғарда көкпар ұйымдастырушылар мен қатысушыларын 10 тәулікке қамау туралы үкім шығарды, деп хабарлады Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
"Тәртіп бұзушылар үш әкімшілік бап бойынша (ұсақ бұзақылық, көлік транспортының қозғалысына кедергі жасау, жолаушылар мен жүкті тасымалдау ережесін бұзу) жауапқа тартылды және 10 тәулікке қамауға алынды", - делінген хабарламада.
Көкпар қатысушылары видеоүндеу жариялап, тұрғындардан кешірім сұрады.
Полиция мұндай ұлттық ойындар адам өміріне қауіп төндірмейтін арнайы орындарда ұйымдастырылуға тиіс екенін атап өтті.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде көкпаршылардың видеосы тарады. Шабандоздар көшеде ойнап, үйлердің ауласына дейін кіріп кеткен. Соның салдарынан көлік кептелісі болды. Аулада тұрған көліктерге зақым келген.