Денсаулық

Шекарада коронавирустық шектеулер қандай жағдайда енгізіледі

© Sputnik / Андрей Александров / Медиабанкке өтуҚұжат
Құжат - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.07.2022
Жазылу
Кез келген шектеу денсаулық сақтау жүйесіне шамадан тыс салмақ түскен жағдайда ғана енгізіледі
НҰР-СҰЛТАН, 27 шілде – Sputnik. Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова мемлекеттік шекарада карантиндік шектеулер қандай жағдайда енгізілетінін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Ол мемлекеттік шекарадағы барлық шектеу жаңа, әсіресе, ауыр өтетін және өлім-жітім жоғары штамдардың елге кіруіне жол бермеуге бағытталғанын атап өтті.
"Кез келген шектеу, ең алдымен, ведомствоаралық комиссияда қаралып, талқыланады, тек содан кейін ғана қандай да бір шектеу енгізу туралы шешім қабылданады. Кез келген шектеу денсаулық сақтау жүйесіне шамадан тыс салмақ түскен жағдайда ғана енгізіледі", - деп мәлімдеді Есмағамбетова орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Бас санитар дәрігердің айтуынша, қазір бүкіл әлемде "омикрон" штамы өте жылдам таралып, коронавирустың басқа түрлерін ығыстырып жатыр. Бұл штамм Қазақстанда да табылды.
"Әйтсе де бұл штамм жеңіл өтеді. Аурудың өршігеніне қарамастан, яғни күн сайын 2,5-2,7 мың жағдай тіркеледі, пациенттердің 10%-і ғана ауруханаға жатқызылады. Науқастардың 90%-і амбулаторлық деңгейде емделеді", - деді вице-министр.
Бұл аурудың айтарлықтай жеңіл өтетінін көрсетеді, деп түйіндеді Есмағамбетова.
Медициналық бетперде - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.07.2022
Денсаулық
Тамыз айында коронавирус жұқтырғандар саны өседі – министрлік болжамы
Жаңалықтар
0