Ресейлік әуекомпания Омбыдан Нұр-Сұлтанға жолаушы тасымалдайды

© pixabay/gustavmelin0Самолет в небе
Самолет в небе - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.07.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 27 шілде – Sputnik. Red Wings әуекомпаниясы тамыз айында Омбыдан Нұр-Сұлтанға рейстер ашылатынын хабарлады.
"Нұр-Сұлтан-Омабы-Нұр-Сұлтан" рейстері 9 тамызда ашылады және Sukhoi Superjet 100 әуе кемесімег сейсенбі мен бейсенбі күндері орындалады. Ал Қазақстан астанасы Red Wings компаниясының Омбыдан жасайтын алғашқы халықаралық бағыты болады", - делінген ресми хабарламада.
Бұдан бөлек, келесі айдан бастап Red Wings Нұр-Сұлтаннан Ресейдің бес қаласына жолаушы тасымалдайды. Сонымен қатар Мәскеу ("Жуковский" әуежайы), Екатеринбург, Қазан мен Уфаға рейстер ашылады.
Айта кетері, Red Wings ірі ресейлік әуекоманияларының ондығына кіреді. Ұшақ тұрақты және чартерлік рейстермен жолаушы тасымалдайды. Компанияның базалық әуежайлары - "Жуковский", "Домодедово", "Кольцово" (Екатеринбург), "Баландино" (Челябинск) мен Махачкала әуежайы.
17 шілде күні Red Wings "Нұр-Сұлтан – Қазан" рейсін ашқан болатын. Sukhoi Superjet 100 аптасына бір рет Татарстан астанасына қатынап отырады.
Сондай-ақ, 22 шілдеде "Россия" әуекомпаниясы "Нұр-Сұлтан – Красноярск" әуе рейсін орындауға кірісті. Оған да Sukhoi Superjet 100 аптасына үш рет дүйсенбі, жұма мен жексенбі күндері ұшады.
Жаңалықтар
0