Білім

Қазақстанда тағы алты университет жабылуы мүмкін

© Photo : vidhyarthidarpanСтуденты на занятиях
Студенты на занятиях  - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.07.2022
Жазылу
Министрдің айтуынша, оқытудың әлсіз бағыттары бойынша лицензияларды қайтарып алу бойынша тағы төрт оқу орнымен сот процестері жүріп жатыр
НҰР-СҰЛТАН, 27 шілде – Sputnik. Қазақстандық алты жоғары оқу орнын жабуға қатысты шешім сотта қаралып жатыр. Бұл туарлы білім және ғылым министрілігінде атқарған қызметін қорытындылау кезінде қазірігі оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов айтты.
"Академиялық дербестікті кеңейтумен қатар, жауапкершілігі төмен университеттерді жауып, сапаны қамтамасыз ете алмайтын ЖОО-ларды қайта бейіндеу бойынша күрделі жұмыстар жүргіздік. Нәтижесінде 15 ЖОО жабылды. Бұдан бөлек, қосымша 6 оқу орнын жабуға қатысты шешімімізге шағым беріліп, ол сотта қаралып жатыр. Оның жалпы саны 21-ге жетіп отыр", - деп жазды министр әлеуметтік желідегі парақшасында.
Жабылған университеттердің 100 мыңнан астам студентін оқуын жалғастыру үшін басқа ЖОО-ларына ауыстырылған. 66 университеттің әлсіз білім беру бағдарламалары бойынша 505 лицензиясы кері қайтарып алынды.
Министрдің айтуынша, оқытудың әлсіз бағыттары бойынша лицензияларды қайтарып алу бойынша тағы төрт ЖОО-мен сот процестері жүріп жатыр.
"Педагогикалық бағыттар бойынша жоғары оқу орындарының саны (85-тен 50-ге дейін) қысқарды. Енді оқытудың тиісті сапасын қамтамасыз ететіндер ғана болашақ мұғалімдерді дайындай алады. Заңгерлерді даярлайтын университеттердің саны 72-ден 61-ге дейін қысқарды", - деп жазды Аймағамбетов.
Айтуынша, алдағы уақытта ЖОО-ларға берілетін лицензиялар мерзімсіз болмайды. Олар 5 жылға беріледі, ал оларды қайта ресімдеу автоматты түрде емес, енді біліктілік талаптарына сәйкес болған жағдайда ғана жүргізіледі.
Жаңалықтар
0