https://sputnik.kz/20220727/qazaqstan-gruziya-ortalyq-aziyaga-qaqpa-26373471.html
Қазақстан Грузияға өз нарығын Орталық Азияға ашылатын қақпа ретінде қарастыруды ұсынды
Қазақстан Грузияға өз нарығын Орталық Азияға ашылатын қақпа ретінде қарастыруды ұсынды
Sputnik Қазақстан
Грузия премьері Қазақстанға маңызды мәселемен келгенін айтты 27.07.2022, Sputnik Қазақстан
2022-07-27T11:40+0500
2022-07-27T11:40+0500
2022-07-27T11:40+0500
саясат
орталық азия
грузия
https://sputnik.kz/img/07e6/07/1b/26373301_0:31:751:453_1920x0_80_0_0_ea7a7f47df5c5940903376329eb6239e.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 27 шілде – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Грузияның премьер-министрі Ираклий Гарибашвилиді қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.Қасым-Жомарт Тоқаев Ираклий Гарибашвилиге ілтипат білдіре отырып, екіжақты ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанын, сондай-ақ бірлескен күш-жігерді жұмылдырудың маңызды екенін атап өтті.Кездесу барысында Қазақстан мен Грузия арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды.Сонымен қатар олар көлік-логистикалық іс-қимылдарға да ерекше назар аударды. Көршілес Қытайға тікелей шығатын мүмкіндігі бар болғандықтан, Қазақстан өз нарығын Орталық Азияға ашылатын қақпа ретінде қарастыруды ұсынады. Мемлекеттер аймақ елдері арасындағы байланыстарды нығайту үшін зор маңызы бар Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша серіктес саналады.Ираклий Гарибашвили кездесуге мүмкіндік бергені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылығын білдіріп, өз елінің ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі екенін тағы да нақтылады."Біздің достық және көпжақты ынтымақтастығымыз жақсы дамып келеді. Мен маңызды мәселемен келдім. Екіжақты қатынастарды дамытуға, барлық сала бойынша байланыстарды кеңейтуге мүдделіміз. Елдеріміз арасындағы тауар айналымы ұлғайып келеді. Бірінші жартыжылдықта бұл бағыттағы көрсеткіш 150 пайызға өсті. Әрине, байланыстарды кеңейту үшін әлеуетіміз мол. Біз өзара қарым-қатынастарды, ынтымақтастықты және достықты бағалаймыз", – деді Грузия премьер-министрі.Кездесу соңында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Грузия Президенті Саломе Зурабишвилиге сәлемін жолдады.
орталық азия
грузия
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/07/1b/26373301_53:0:696:482_1920x0_80_0_0_98e1e19289e610f153513b4357ce2ecf.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
орталық азия, грузия
Қазақстан Грузияға өз нарығын Орталық Азияға ашылатын қақпа ретінде қарастыруды ұсынды
Грузия премьері Қазақстанға маңызды мәселемен келгенін айтты
НҰР-СҰЛТАН, 27 шілде – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Грузияның премьер-министрі Ираклий Гарибашвилиді қабылдады, деп хабарлайды
Ақорда. Қасым-Жомарт Тоқаев Ираклий Гарибашвилиге ілтипат білдіре отырып, екіжақты ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанын, сондай-ақ бірлескен күш-жігерді жұмылдырудың маңызды екенін атап өтті.
"Сіздің сапарыңыз табысты болады деп үміттенемін. Сапарыңыздың бағдарламасы өте тығыз екенін, Қазақстан мен Грузия арасындағы ынтымақтастықты дамытуға тың серпін беретін бірқатар кездесу жоспарланғанын білемін. Бізді достық және көпжақты ынтымақтастықтың берік арқауы байланыстыратынын айтқым келеді. Біздің міндетіміз – осы достық қарым-қатынастарды жалғастыру және одан әрі дамыт"у, – деді президент.
Кездесу барысында Қазақстан мен Грузия арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар олар көлік-логистикалық іс-қимылдарға да ерекше назар аударды. Көршілес Қытайға тікелей шығатын мүмкіндігі бар болғандықтан, Қазақстан өз нарығын Орталық Азияға ашылатын қақпа ретінде қарастыруды ұсынады. Мемлекеттер аймақ елдері арасындағы байланыстарды нығайту үшін зор маңызы бар Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша серіктес саналады.
Ираклий Гарибашвили кездесуге мүмкіндік бергені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылығын білдіріп, өз елінің ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі екенін тағы да нақтылады.
"Біздің достық және көпжақты ынтымақтастығымыз жақсы дамып келеді. Мен маңызды мәселемен келдім. Екіжақты қатынастарды дамытуға, барлық сала бойынша байланыстарды кеңейтуге мүдделіміз. Елдеріміз арасындағы тауар айналымы ұлғайып келеді. Бірінші жартыжылдықта бұл бағыттағы көрсеткіш 150 пайызға өсті. Әрине, байланыстарды кеңейту үшін әлеуетіміз мол. Біз өзара қарым-қатынастарды, ынтымақтастықты және достықты бағалаймыз", – деді Грузия премьер-министрі.
Кездесу соңында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Грузия Президенті Саломе Зурабишвилиге сәлемін жолдады.