Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанда 65 жастағы әйел өрт шыққан лифтіде қамалып қалды

© Sputnik / Владислав ВодневАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.07.2022
Жазылу
Лифті 12 мен 13 қабат аралығында тұрып қалған
НҰР-СҰЛТАН, 27 шілде – Sputnik. Елордалық өрт сөндірушілер түтіндей бастаған лифтіде қамалып қалған егде жастағы әйелді құтқарды.
Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің ақпаратынша, оқиға кеше, 26 шілде түс кезінде Айнакөл көшесіндегі үйлердің бірінде болған. Құтқарушыларға лифті өртенгені туралы хабар түскен.
"Оқиға орнына дереу жеткен өрт сөндірушілер лифтіде электр сымдарының қысқа тұйықталуы болғанын анықтады. 12 мен 13 қабат аралығында лифті ішінде 1957 жылғы әйел қалып қойғаны белгілі болды", - делінген хабарламада.
Өрт сөндірушілер әйелді аман-есен лифтіден шығарып, алғашқы көмек көрсетті. Одан кейін ол медициналық бригадаға тапсырылды.
Құтқарылған әйелдің қызы жедел көмек көрсеткен департамент қызметкерлеріне алғыс айтты.
Жаңалықтар
0