https://sputnik.kz/20220727/fermerler-toqaevqa-ashyq-khat-zholdady-26373588.html
Фермерлер Тоқаевқа ашық хат жолдады
Фермерлер Тоқаевқа ашық хат жолдады
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 27 шілде – Sputnik. Қазақстан фермерлері қауымдастығы президент пен премьер-министрдің атына хат жолдап, ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдікпен... 27.07.2022, Sputnik Қазақстан
2022-07-27T11:39+0500
2022-07-27T11:39+0500
2022-07-28T07:19+0500
қасым-жомарт тоқаев
ауыл шаруашылығы
https://sputnik.kz/img/1095/94/10959450_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_c1fe808fae53bec5473ffe60ebdb9142.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 27 шілде – Sputnik. Қазақстан фермерлері қауымдастығы президент пен премьер-министрдің атына хат жолдап, ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдікпен лизингке беру тетігін енгізуді сұрады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Фермерлер алдымен егін жинау науқанының тамыз айының бірінші жартысында басталатынын еске салды. Ал ауыл шаруашылығы техникасын жаппай жаңарту мүмкін болмай отыр. Себебі қолданыстағы лизинг бағдарламаларының қаражаты таусылып қалған. Бүгінде техниканың тозу деңгейі 80 процентке жеткен. Олардың айтуынша, отандық ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдікпен лизингтеу тетігін жедел іске қосудың нәтижесінде егін жинау науқанына қысқа мерзімде 1000 бірліктен астам трактор мен комбайн паркін жаңартуға мүмкіндік болады. "Ағымдағы жылғы күзге дейін жұмыс істейтін бағдарламаның болмауы сапалы өнімнің жоғалуы қаупіне және еліміздің азық-түлік қауіпсіздігінің жалпы деңгейінің төмендеуіне әкеліп соқтырады", - деп атап көрсетті мамандар.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1095/94/10959450_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_a946a3e8dfc26a1d7b0b0cffa89cb4e7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, ауыл шаруашылығы
қасым-жомарт тоқаев, ауыл шаруашылығы
Фермерлер Тоқаевқа ашық хат жолдады
11:39 27.07.2022 (жаңартылды: 07:19 28.07.2022) НҰР-СҰЛТАН, 27 шілде – Sputnik. Қазақстан фермерлері қауымдастығы президент пен премьер-министрдің атына хат жолдап, ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдікпен лизингке беру тетігін енгізуді сұрады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
Фермерлер алдымен егін жинау науқанының тамыз айының бірінші жартысында басталатынын еске салды. Ал ауыл шаруашылығы техникасын жаппай жаңарту мүмкін болмай отыр.
Себебі қолданыстағы лизинг бағдарламаларының қаражаты таусылып қалған. Бүгінде техниканың тозу деңгейі 80 процентке жеткен.
"Мәселенің маңыздылығын және егін жинау кезеңінің жақындап келе жатқандығына байланысты қысылтаяң мерзімдерді ескере отырып, Сіздің жәрдеміңізді, атап айтқанда Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне, Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне, Ауыл шаруашылығы министрлігіне және "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-на бастапқы жарнасыз, сыйақы мөлшерлемесі 3%-ға дейін, "Жасыл Даму" АҚ қаражаты есебінен қаржыландыру көлемі 50 миллиард теңге болатын ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдікпен лизингтеу бағдарламасын іске қосу туралы тиісті тапсырмалар беруді сұраймыз", - дейді фермерлер.
Олардың айтуынша, отандық ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдікпен лизингтеу тетігін жедел іске қосудың нәтижесінде егін жинау науқанына қысқа мерзімде 1000 бірліктен астам трактор мен комбайн паркін жаңартуға мүмкіндік болады.
"Ағымдағы жылғы күзге дейін жұмыс істейтін бағдарламаның болмауы сапалы өнімнің жоғалуы қаупіне және еліміздің азық-түлік қауіпсіздігінің жалпы деңгейінің төмендеуіне әкеліп соқтырады", - деп атап көрсетті мамандар.