https://sputnik.kz/20220727/atyraulyq-erli-zayyptylar-olimi-26366634.html
"Төрт бала жетім қалды": атыраулық ерлі-зайыптының өліміне қатысты тың дерек жарияланды
"Төрт бала жетім қалды": атыраулық ерлі-зайыптының өліміне қатысты тың дерек жарияланды
Sputnik Қазақстан
Қазір қайғылы оқиғаға қатысты өзін өзі өлтіру және адам өлтіру баптары бойынша іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр 27.07.2022, Sputnik Қазақстан
2022-07-27T08:30+0500
2022-07-27T08:30+0500
2023-08-10T12:20+0500
атырау облысы
ерлі-зайыпты
https://sputnik.kz/img/274/36/2743680_0:100:1921:1180_1920x0_80_0_0_a6ac378d34601c028ade9769949bc3ee.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 27 шілде – Sputnik. Атырау қаласында отбасылық кикілжің соңы қанды қылмыспен аяқталды. 26 жастағы жігіт әйелін буындырып өлтіріп, кейін өзіне қол салды. Полиция тергеудің алдын ала болжамын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан КТК арнасына сілтеме жасап. Төрт баласы бар жас отбасы жалдамалы пәтерге бір ай бұрын ғана көшіп келген. Көршілердің айтуынша, ерлі-зайыпты тыныш тұрған, ешқандай айқай-шу болмады. Ал 25 шілде күні жабық пәтерде ер адам мен әйелдің өлі денесі табылды. Қайғылы оқиға кешкісін болды. Полицияға марқұм келіншектің анасы хабарласып, қызы мен күйеу баласы пәтердің есігін ашпай жатқанын хабарлаған. Тәртіп сақшылары сыртқы есікті бұзып кіргенде жуынатын бөлмеден ерлі-зайыптылардың өлі денесі табылған. Құзырлы органдардың мәліметіне сәйкес, ерлі-зайыптылар біраздан бері араздасып жүрген. Содан тағы жанжал шығып, 26 жастағы азамат әйелін буындырып өлтірген. Артынан өзі жуынатын бөлмедегі құбырға асылып қалыпты. Марқұмдардың төрт баласы жетім қалды. Қазір қайғылы оқиғаға қатысты өзін өзі өлтіру және адам өлтіру баптары бойынша іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр. "25 шілдеде орын алған фактіге қатысты қазіргі таңда Қылмыстық кодекстің 105 бабы және 99 бабтары бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Анықталған ақпарат бойынша, ерлі-зайыпты ажырасу процесінде болған. Орталарында төрт бала қалды. Өзге ақпарат қазір тергеу амалдарына сәйкес процессуалдық кодекстің 201 бабына сәйкес жариялануға жатпайды", - дейді Атырау облыстық полиция департаментінің ресми өкілі Мейірім Ердәулет.
атырау облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/274/36/2743680_106:0:1813:1280_1920x0_80_0_0_cf61408eb3590e218edd5b9b8fbb4611.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
атырау облысы, ерлі-зайыпты
атырау облысы, ерлі-зайыпты
"Төрт бала жетім қалды": атыраулық ерлі-зайыптының өліміне қатысты тың дерек жарияланды
08:30 27.07.2022 (жаңартылды: 12:20 10.08.2023) Қазір қайғылы оқиғаға қатысты өзін өзі өлтіру және адам өлтіру баптары бойынша іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр
НҰР-СҰЛТАН, 27 шілде – Sputnik. Атырау қаласында отбасылық кикілжің соңы қанды қылмыспен аяқталды. 26 жастағы жігіт әйелін буындырып өлтіріп, кейін өзіне қол салды. Полиция тергеудің алдын ала болжамын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан
КТК арнасына сілтеме жасап.
Төрт баласы бар жас отбасы жалдамалы пәтерге бір ай бұрын ғана көшіп келген.
Көршілердің айтуынша, ерлі-зайыпты тыныш тұрған, ешқандай айқай-шу болмады. Ал 25 шілде күні жабық пәтерде ер адам мен әйелдің өлі денесі табылды.
Қайғылы оқиға кешкісін болды. Полицияға марқұм келіншектің анасы хабарласып, қызы мен күйеу баласы пәтердің есігін ашпай жатқанын хабарлаған. Тәртіп сақшылары сыртқы есікті бұзып кіргенде жуынатын бөлмеден ерлі-зайыптылардың өлі денесі табылған.
Құзырлы органдардың мәліметіне сәйкес, ерлі-зайыптылар біраздан бері араздасып жүрген. Содан тағы жанжал шығып, 26 жастағы азамат әйелін буындырып өлтірген. Артынан өзі жуынатын бөлмедегі құбырға асылып қалыпты.
Марқұмдардың төрт баласы жетім қалды.
Қазір қайғылы оқиғаға қатысты өзін өзі өлтіру және адам өлтіру баптары бойынша іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр.
"25 шілдеде орын алған фактіге қатысты қазіргі таңда Қылмыстық кодекстің 105 бабы және 99 бабтары бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Анықталған ақпарат бойынша, ерлі-зайыпты ажырасу процесінде болған. Орталарында төрт бала қалды. Өзге ақпарат қазір тергеу амалдарына сәйкес процессуалдық кодекстің 201 бабына сәйкес жариялануға жатпайды", - дейді Атырау облыстық полиция департаментінің ресми өкілі Мейірім Ердәулет.