Оқиға

Ақтауда "ҚазАзот" цехының шатыры опырылып құлады

© PhotoАқтауда "ҚазАзот" цехының шатыры опырылып құлады
Ақтауда ҚазАзот цехының шатыры опырылып құлады - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.07.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 27 шілде - Sputnik. Ақтауда "ҚазАзот" цехының шатыры опырылып құлады.
Қала тұрғындарының айтуынша, "ҚазАзот"АҚ жақта жарылысқа ұқсас қатты дыбыс түнде болған. Цехтардың бірінің шатыры құлағаны анықталды, деп жазады Lada.kz.
Қауіпті аймақ қоршалып, қызметкерлерге кіруге тыйым салынды.
"Оқиға 24 шілде сағат 05:20-да болған. Ауа райының қолайсыздығына байланысты ғимараттың шатыры ішінара құлады. Соңғы екі аптада жаңбыр жауып, қатты жел соғып тұрған. Технологиялық жабдықтар зардап шеккен жоқ. Апаттық-құтқару қызметінің мамандары тексеріс жүргізді",-деп түсіндірді кәсіпорынның баспасөз қызметі.
Олар компания қызметкерлерінің және халықтың өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ деп сендірді.
Подъемный кран - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.07.2022
Алматыда құрылыс алаңында кранның неден құлағаны белгілі болды
Жаңалықтар
0