Өңірлер

Алматыда қару-жарақ арсеналы табылды - видео

© Photo : Polisia.kzАлматыда қару-жарақ арсеналы табылды
Алматыда қару-жарақ арсеналы табылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.07.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 27 шілде - Sputnik. Алматыда қару-жарақ арсеналы табылды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы қаласы криминалдық полициясының мәліметінше, орман белдеуінен қару-жарақ арсеналы табылды. Кесілген қос ұңғылы шолақ мылтық, магазині бар газ тапаншасы, магазині жоқ BLOW F92 тапаншасы, 4 граната, әртүрлі калибрлі 39 оқ-дәрі, радиостанция болған.
Бұл дерек сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізімінде тіркелді. Қылмыстық кодекстің 287-бабы 2-бөлігі бойынша қарастырылады.
Қару-жарақ пен оқ-дәрі қайдан алынғаны жедел және арнайы іс-шаралар барысында анықталады.
Жаңалықтар
0