Өңірлер

Алматыда шағын және орта бизнеске берілетін кредит проценті төмендетілді

© Sputnik / Наталья Селиверстова / Медиабанкке өтуЗнак процента
Знак процента - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.07.2022
Жазылу
Несиенің максималды сомасы 100 млн теңгені құрайды, несиелеу мерзімі - 7 жылға дейін
НҰР-СҰЛТАН, 27 шілде – Sputnik. Алматы қаласы әкімдігі мен "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры шағын және орта бизнес субьектілеріне жеңілдетілген несие беру шарттарына өзгеріс енгізді, деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.
Бағдарламаның жаңа атауы – Jana Business (бұрынғы Almaty Business).
Жаңартылған бағдарламаның шарттарына сәйкес жеңілдетілген несиелер бойынша ең жоғары мөлшерлеме 7% - дан 6% - ға дейін төмендетілді. Несиенің максималды сомасы 100 млн теңгені құрайды, несиелеу мерзімі - 7 жылға дейін.
Jana Business бағдарламасының тағы бір жаңалығы – өнеркәсіптік парктер субъектілеріне жылдық мөлшерлемесі 6%-бен 500 млн теңгеге дейінгі сомада 7 жылға дейінгі мерзімге несие алу мүмкіндігі қарастырылды.
Сауда операцияларының тиімділігін арттыру мақсатында Jana Business бағдарламасында факторингтік мәмілелерді жылдық 8,5% мөлшерлеме бойынша қаржыландыру мүмкіндігі көзделеді. Факторинг механизмі сатып алушыға төлемді кейінге қалдыра отырып, тауарды немесе қызметті сатып алуға мүмкіндік береді.
ШОБ субъектілеріне жеңілдікпен несие беру екінші деңгейдегі банктер, микроқаржы ұйымдары және лизингтік компаниялар арқылы жүзеге асырылады.
Жаңалықтар
0