Оқиға

Алматыда көпқабатты үйдің астындағы дәмхана өртенді – видео

© Sputnik / Алексей Мальгавко / Медиабанкке өтуАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.07.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 27 шілде – Sputnik. Алматыда көпқабатты үйдің астында орналасқан жылдам тамақтану асханасы өртенді.
Керемет шағын ауданындағы 10 қабатты тұрғын үйден өрт шыққаны туралы хабар бүгін таңертең түскен.
Өрт сөндірушілер сағат 10.41-де тілсіз жауды сөндіруге кірісті.
Анықталғандай, 10 қабатты тұрғын үйге жапсарлас салынған аумағы 40 шаршы метр жылдам тамақтану асханасы өртенген.
Тілсіз жау 10:58-де сөндірілді, деп хабарлады Алматы ТЖ департаменті.
Жаңалықтар
0