Вице-премьер базарлардағы тексеріс жайлы: жасанды тапшылық тудырған

© Sputnik / Ертай СарбасовПункты общественного питания
Пункты общественного питания - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.07.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 26 шілде – Sputnik. Премьер-министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов сауда базарларын тексерудің қорытындысы бойынша заңнамаға жауапкершілікті күшейтуге бағытталған түзетулер енгізілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Айтуынша, Бас прокуратура мамыр айында 122 сауда базарын тексеру жұмыстарын аяқтады.
"Базар иелері мен әкімшілік қызметінің реттелмеуі, сауда орны үшін жоғары аренда ставкасы (күніне 15 мың теңгеге дейін), базар әкімшілігінің қосымша қызметтер көрсету бойынша үлестес жеткізушілерді тықпалауы, мысалы сертификаттық сынақтар, буып-түю, тасымалдау және тағы басқа жүйелі проблемаға айналған. Сондай-ақ тексеріс барысында нарыққа қатысушылардың тауарға жасанды тапшылық тудыратыны және бағамен манипуляция жасайтыны анықталды", - деді Сұлтанов орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Осы проблемаларды шешу және базар қызметін жаңғырту мақсатында сауда және интеграция министрлігі Бас прокуратура және мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп мынадай заңнамалық түзетулер ұсынды:
сауда ұйымдастырғаны үшін базардың меншік иесінің жеке жауапкершілігін енгізу;
базарларға біліктілік және инфрақұрылымдық талаптарды белгілеу;
отандық тауар өндірушілердің сауда алаңдарына бәсекелі және еркін қол жеткізуін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін ақпараттық жүйе құру.
Бұл нормалар президенттің жекелеген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі заң жобасына енгізілген. Қазір құжат мәжілістің қарауында жатыр.
Жаңалықтар
0