https://sputnik.kz/20220726/ukrainanyn-astygy-bolmasa-alemde-asharshylyq-bastala-ma-26369494.html
Украинаның астығы болмаса, әлемде ашаршылық бастала ма?
Украинаның астығы болмаса, әлемде ашаршылық бастала ма?
Sputnik Қазақстан
Ресей, Украина, Түркия мен БҰҰ украиндық астықты шығаруға келісті. Себебі азық-түлік дағдарысы басталады деген қауіп бар. Ендігі сұрақ, Украинада ол астық бар... 26.07.2022, Sputnik Қазақстан
2022-07-26T17:20+0500
2022-07-26T17:20+0500
2022-07-27T11:20+0500
әлем
ресей
https://sputnik.kz/img/07e4/09/16/15020607_0:81:3073:1809_1920x0_80_0_0_86d7d55a7dffc4b25b99c8cc4e2ff19f.jpg
Ресей, Украина, Түркия мен БҰҰ украиндық астықты шығаруға келісті. Себебі азық-түлік дағдарысы басталады деген қауіп бар. Ендігі сұрақ, Украинада ол астық бар ма?22 шілде күні Ресей, Украина, Түркия мен БҰҰ украиндық астықты шығару туралы келісімге қол қойды. Оған сәйкес, алдағы бірнеше аптаның ішінде астық Украинаға қарасты үш қауіпсіз дәліз – Одесса, Черноморск пен Южный порттары арқылы шығарылады, деп жазады РИА Новости. Батыс көптен бері әлемдік қауымдастықты азық-түлікті жеткізу саласында Киевтің орны маңызды екеніне барынша сендіріп келген. Ал Ресей украиндық астықты бұғаттау арқылы планетаның біраз бөлігін аш қалдырады екен. Алайда Украинада қажетті астықтың қоры бар ма? Жоқ, әлде бұның бәрі баяғы Ресейдің беделін түсірудің амалы ма?"Ресей әлемді аш қалдырады"Соңғы кезде азық-түлік дағдарысы басты тақырыпқа айналып, қызу талқыға түсті. Ал Ресей Украинадағы әрекетімен ол дағдарысты күшейтіп жатыр дейді. Сөйтіп, әлемнің біраз бөлігін аштыққа және өлімге итермелеп отыр екен. Батыстың дипломаттары да, бұқаралық ақпарат құралдары да бір ойды айтудан жалықпайды. "Ресей азық-түлік мәселесін қару ретінде пайдаланып, әлемде аштық басталады деп қорқытып жатыр. Ал негізгі мақсаты – санкцияларды алып тастау", - дейді олар.Ресейдің осы мақсатқа жету жолындағы әрекеті де "әшкереленді". Батыстың айтуынша, украиндық астық экспорты бұғатталып отыр. Кемелерге Қара теңізден шығуға мүмкіндік бермей жатыр. Оған қоса, Ресей ол астық ұрлайды, я болмаса, өрттеп жібереді. Элеваторларды жарып, көлік инфрақұрылымын қиратады. Бұның бәрі жер-жаһанды апатты жағдайға түсіреді, әлемдік азық-түлік дағдарысын күшейтеді екен.Иә, айтылған сөздің қисыны бар. Осы орайда тағы бір дәлелді келтірген. Украина – әлемдегі астық жеткізуші ірі елдердің бірі. Ол болмаса, азық-түлік мәселесі ушыға түседі.Бүгінде батыстың бұқаралық ақпарат құралдарында дүрбелең туғызатын әрбір мақалада "Ресей мен Украина бірге әлемдік нарыққа, шамамен, астықтың 30 процентін жеткізіп тұрады" деген сөйлемді жиі кездестіруге болады. Иә, ол рас. Бірақ неге екі елдің бірге жеткізетін астық көлемін көрсетеді? Оны түсіну үшін нақты статистикаға үңілейік.БҰҰ ауыл шаруашылығы және азық-түлік ұйымының мәліметтеріне сәйкес, 2020 жылы Ресей Федерациясы 37,3 млн тонна бидайды экспортқа шығарды. Осылайша, Ресейдің әлемдік үлесі 20,4 процентті құрап отыр. Ал Украинаның үлесі 10 процентке де жетпейді. Барылғы - 18 млн тонна. Экспорттаушы елдердің ішінде бесінші орында тұр. Содан болар, шетелдің бұқаралық ақпарат құралдары Ресей мен Украинаның сыртқа шығаратын астығын бірге көрсетіп жатады. Ал бөлек жазса, азық-түлік дағдарысының қаупі төмендейтін сияқты.Украина президенті Владимир Зеленский болса, өз жерінде 25 млн тонна экспорттық астықтың бұғатталып қалғанын мәлімдеді. Ал астық қауымдастығының президенті Николай Горбачев маусымда өткен халықаралық конференцияда Украинаға қарасы территорияда, шамамен, 30 млн тонна астық бар деп жар салды. Шынымен де, соншама астық қалып қойған ба?Украинада қанша астық қалды?"АПК-Информ" ақпараттық-талдау агенттігінің мәліметіне сәйкес, 2021 жылы Украина 83,7 млн тонн астық өндірді. Былтыр соңғы алты айдың ішінде экспортқа 32,2 млн тонна шығарды. Ал осы жылдың басынан бастап арнайы операция басталғанға дейін Украина шетелге 11,1 млн тонна астық сатқан. Осылайша, экспортқа шығарылған астықты алып тастасақ, ақпанда елдің ішінде 40,4 миллион тонна қалған. Енді, одан ішкі нарыққа қажетті өнімді алып тастайық.IGC (International Grains Council) былтыр Украинаның ішкі сұранысы 27,8 млн тонна болды дейді. Ал USDA (АҚШ-тың ауыл шаруашылығы министрлігі) ақпараты бойынша украиндықтар жыл сайын 28,5 млн тонн астық тұтынады. Сонда орташа есеппен жылына 28 млн тонна, ал бір айда 2,3 млн тонн астық шығады. Демек, былтыр шілде айынан бастап биыл ақпан айына дейін украиндықтар 18,7 млн тонна жеп қойды. Оны да алып тастасақ, 21,7 млн тонна қалады. Бұл – ақпан айындағы көрсеткіш. Ол Зеленский мырзаның 25 миллион тоннасынан да, астық қауымдастығының президенті айтқан 30 миллионн тоннадан аз.Украинадағы әскери іс-қимылдар басталғалы бері төрт-бес ай өтті. Осы уақыттың ішінде астық тұтыну көрсеткіші төмендесе, наурыз-маусымда Украина, кем дегенде, 4,6 миллион тонна астық жеген. Оған қоса, экспорт қысқарса да, тоқтатылған жоқ. Салалық ведомстволардың ашық деректеріне қарағанда елден тағы 3,05 млн тонн астық шығарылды. Бұның бәрін алып тастасақ, Украинада, шамамен, 14 млн тонна қалған. Оны АҚШ-тың ауыл шаруашылығы министрлігі де растап отыр. Олардың ақпараты бойынша Украина ауыл шаруашылығы жылын 13,4 млн тонна астықпен аяқтады. Бір қызығы, АҚШ президенті Джо Байден маусым айында Украинада Ресей бұғаттап тастаған, шамамен, 20 млн тонн астықты шығару керек деп айтты. Сонда оның мәліметі министрліктің деректерімен де сәйкес келмейді.Дегенмен, Украинада қалған астықтың көлемі 13-14 млн тоннадан да аз болуы мүмкін. Себебі ол елде жемқорлық әлі жойылмаған. Соның салдарынан сұр схемалар арқылы астық біраз бөлігі сыртқа шығарылып жатады.Әлем елдері нансыз қалмайдыУкраинаның аграрлық саясат және азық-түлік министрінің орынбасары Тарас Высоцкийдің болжамына сәйкес, биыл, шамамен, 50 млн тонн астық жиналады. Бұл аз көрсеткіш емес. Украина ұзақ жылдар бойы жыл сайын 35-45 млн тонна жинап отырған. Былтыр рекордық астық жиналды.Ресей осы жылы жақсы өнім жинайды. Шамамен, 130 миллион тонна шығады деген болжам бар. 2017 жылы рекордық көрсеткіш – 135,5 млн тонна болған. Ал бидайдың рекорды биыл болады деп жатыр. 87 млн тонна, бәлкім, одан көп шығады.Путин Ресей Федерациясының әлемдік нарыққа 50 млн тоннадан артық астық жеткізуге дайын екенін мәлімдеді. Былтыр, шамамен, 37 млн тонна сатылды. Демек, Ресей әлемдік нарықтағы украиндық астықтың үлесін оп-оңай алмастыра алады. Сондықтан ешкім нансыз қалмайды.
ресей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/09/16/15020607_72:0:2803:2048_1920x0_80_0_0_87322830a5444551ae6e7268ffbc7426.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ресей
Ресей, Украина, Түркия мен БҰҰ украиндық астықты шығаруға келісті. Себебі азық-түлік дағдарысы басталады деген қауіп бар. Ендігі сұрақ, Украинада ол астық бар ма?
22 шілде күні Ресей, Украина, Түркия мен БҰҰ украиндық астықты шығару туралы келісімге қол қойды. Оған сәйкес, алдағы бірнеше аптаның ішінде астық Украинаға қарасты үш қауіпсіз дәліз – Одесса, Черноморск пен Южный порттары арқылы шығарылады, деп жазады
РИА Новости. Батыс көптен бері әлемдік қауымдастықты азық-түлікті жеткізу саласында Киевтің орны маңызды екеніне барынша сендіріп келген. Ал Ресей украиндық астықты бұғаттау арқылы планетаның біраз бөлігін аш қалдырады екен. Алайда Украинада қажетті астықтың қоры бар ма? Жоқ, әлде бұның бәрі баяғы Ресейдің беделін түсірудің амалы ма?
"Ресей әлемді аш қалдырады"
Соңғы кезде азық-түлік дағдарысы басты тақырыпқа айналып, қызу талқыға түсті. Ал Ресей Украинадағы әрекетімен ол дағдарысты күшейтіп жатыр дейді. Сөйтіп, әлемнің біраз бөлігін аштыққа және өлімге итермелеп отыр екен. Батыстың дипломаттары да, бұқаралық ақпарат құралдары да бір ойды айтудан жалықпайды. "Ресей азық-түлік мәселесін қару ретінде пайдаланып, әлемде аштық басталады деп қорқытып жатыр. Ал негізгі мақсаты – санкцияларды алып тастау", - дейді олар.
Ресейдің осы мақсатқа жету жолындағы әрекеті де "әшкереленді". Батыстың айтуынша, украиндық астық экспорты бұғатталып отыр. Кемелерге Қара теңізден шығуға мүмкіндік бермей жатыр. Оған қоса, Ресей ол астық ұрлайды, я болмаса, өрттеп жібереді. Элеваторларды жарып, көлік инфрақұрылымын қиратады. Бұның бәрі жер-жаһанды апатты жағдайға түсіреді, әлемдік азық-түлік дағдарысын күшейтеді екен.
Иә, айтылған сөздің қисыны бар. Осы орайда тағы бір дәлелді келтірген. Украина – әлемдегі астық жеткізуші ірі елдердің бірі. Ол болмаса, азық-түлік мәселесі ушыға түседі.
Бүгінде батыстың бұқаралық ақпарат құралдарында дүрбелең туғызатын әрбір мақалада "Ресей мен Украина бірге әлемдік нарыққа, шамамен, астықтың 30 процентін жеткізіп тұрады" деген сөйлемді жиі кездестіруге болады. Иә, ол рас. Бірақ неге екі елдің бірге жеткізетін астық көлемін көрсетеді? Оны түсіну үшін нақты статистикаға үңілейік.
БҰҰ ауыл шаруашылығы және азық-түлік ұйымының мәліметтеріне сәйкес, 2020 жылы Ресей Федерациясы 37,3 млн тонна бидайды экспортқа шығарды. Осылайша, Ресейдің әлемдік үлесі 20,4 процентті құрап отыр. Ал Украинаның үлесі 10 процентке де жетпейді. Барылғы - 18 млн тонна. Экспорттаушы елдердің ішінде бесінші орында тұр. Содан болар, шетелдің бұқаралық ақпарат құралдары Ресей мен Украинаның сыртқа шығаратын астығын бірге көрсетіп жатады. Ал бөлек жазса, азық-түлік дағдарысының қаупі төмендейтін сияқты.
Украина президенті Владимир Зеленский болса, өз жерінде 25 млн тонна экспорттық астықтың бұғатталып қалғанын мәлімдеді. Ал астық қауымдастығының президенті Николай Горбачев маусымда өткен халықаралық конференцияда Украинаға қарасы территорияда, шамамен, 30 млн тонна астық бар деп жар салды. Шынымен де, соншама астық қалып қойған ба?
Украинада қанша астық қалды?
"АПК-Информ" ақпараттық-талдау агенттігінің мәліметіне сәйкес, 2021 жылы Украина 83,7 млн тонн астық өндірді. Былтыр соңғы алты айдың ішінде экспортқа 32,2 млн тонна шығарды. Ал осы жылдың басынан бастап арнайы операция басталғанға дейін Украина шетелге 11,1 млн тонна астық сатқан. Осылайша, экспортқа шығарылған астықты алып тастасақ, ақпанда елдің ішінде 40,4 миллион тонна қалған. Енді, одан ішкі нарыққа қажетті өнімді алып тастайық.
IGC (International Grains Council) былтыр Украинаның ішкі сұранысы 27,8 млн тонна болды дейді. Ал USDA (АҚШ-тың ауыл шаруашылығы министрлігі) ақпараты бойынша украиндықтар жыл сайын 28,5 млн тонн астық тұтынады. Сонда орташа есеппен жылына 28 млн тонна, ал бір айда 2,3 млн тонн астық шығады. Демек, былтыр шілде айынан бастап биыл ақпан айына дейін украиндықтар 18,7 млн тонна жеп қойды. Оны да алып тастасақ, 21,7 млн тонна қалады. Бұл – ақпан айындағы көрсеткіш. Ол Зеленский мырзаның 25 миллион тоннасынан да, астық қауымдастығының президенті айтқан 30 миллионн тоннадан аз.
Украинадағы әскери іс-қимылдар басталғалы бері төрт-бес ай өтті. Осы уақыттың ішінде астық тұтыну көрсеткіші төмендесе, наурыз-маусымда Украина, кем дегенде, 4,6 миллион тонна астық жеген. Оған қоса, экспорт қысқарса да, тоқтатылған жоқ. Салалық ведомстволардың ашық деректеріне қарағанда елден тағы 3,05 млн тонн астық шығарылды. Бұның бәрін алып тастасақ, Украинада, шамамен, 14 млн тонна қалған. Оны АҚШ-тың ауыл шаруашылығы министрлігі де растап отыр. Олардың ақпараты бойынша Украина ауыл шаруашылығы жылын 13,4 млн тонна астықпен аяқтады. Бір қызығы, АҚШ президенті Джо Байден маусым айында Украинада Ресей бұғаттап тастаған, шамамен, 20 млн тонн астықты шығару керек деп айтты. Сонда оның мәліметі министрліктің деректерімен де сәйкес келмейді.
Дегенмен, Украинада қалған астықтың көлемі 13-14 млн тоннадан да аз болуы мүмкін. Себебі ол елде жемқорлық әлі жойылмаған. Соның салдарынан сұр схемалар арқылы астық біраз бөлігі сыртқа шығарылып жатады.
Әлем елдері нансыз қалмайды
Украинаның аграрлық саясат және азық-түлік министрінің орынбасары Тарас Высоцкийдің болжамына сәйкес, биыл, шамамен, 50 млн тонн астық жиналады. Бұл аз көрсеткіш емес. Украина ұзақ жылдар бойы жыл сайын 35-45 млн тонна жинап отырған. Былтыр рекордық астық жиналды.
Ресей осы жылы жақсы өнім жинайды. Шамамен, 130 миллион тонна шығады деген болжам бар. 2017 жылы рекордық көрсеткіш – 135,5 млн тонна болған. Ал бидайдың рекорды биыл болады деп жатыр. 87 млн тонна, бәлкім, одан көп шығады.
Путин Ресей Федерациясының әлемдік нарыққа 50 млн тоннадан артық астық жеткізуге дайын екенін мәлімдеді. Былтыр, шамамен, 37 млн тонна сатылды. Демек, Ресей әлемдік нарықтағы украиндық астықтың үлесін оп-оңай алмастыра алады. Сондықтан ешкім нансыз қалмайды.