Сауда және ауыл шаруашылығы министрлері дүкенге қаншалықты жиі баратынын айтты

© Sputnik / Абзал Калиевархив
архив - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.07.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 26 шілде – Sputnik. Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов пен ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев қаншалықты жиі дүкен аралайтынын және азық-түліктің қымбаттауы оларға қалай әсер еткенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бақыт Сұлтанов демалыста отбасымен дүкендер мен базарларға баратынын айтты.
"Әрине, отбасылы адам болғандықтан үйді азық-түлікпен қамтамасыз етуіміз керек. Мен демалыстарда, мүмкіндік болғанда дүкендер мен базарларға барамын. Әр отбасы сияқты, біздің де өз талғамымыз бар. Мысалы, палау пісіру үшін еттің қымбатырағын алу керек деген сыңайлы. Өзіміз сатып алатындықтан, әрине, бағалардың қандай екенін білемін", - деп жауап берді сауда министрі орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Ол азық-түлік себетінің құны, сөзсіз, өскенін атап өтті. Ал ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевтің дүкенге баруға қолы тие бермейді.
"Өкінішке қарай, жұбайыммен дүкен аралауға уақытым жетпейді. Мен айына бір немесе екі рет, жексенбі күні отбасыммен азық-түлік алуға шыға аламын. Осы орайда айта кетері, біз әрдайым тек қазақстандық өнімдерді сатып аламыз", - деді Қарашөкеев.
Айтуынша, бағаның өскені сезіледі. Бірақ былтырғы жылмен салыстырғанда картоп пен сәбіз бағасы биыл тұрақты болды.
Жаңалықтар
0