Оқиға

Қызылорда облысында жол апатынан 5 адам көз жұмды

© Photo : очевидцыАпат, архивтегі сурет
Апат, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.07.2022
Жазылу
Қайтыс болғандардың арасында 6 және 10 жасар екі бала бар
НҰР-СҰЛТАН, 26 шілде – Sputnik. Қызылорда облысында болған жол апатынан бес адам қайтыс болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Ресми мәліметке сәйкес, таңғы сағат үш кезінде "Самара - Шымкент" тасжолының 1713-ші шақырымында Toyota Camry мен Daewoo Nexia соқтығысқан.
"Жол апаты Жалағаш ауданындағы Таң ауылына жақын жерде болған. Toyota Camry-дің 26 жастағы жүргізушісі және Daewoo Nexia-ның 42 жастағы иесі оқиға орнында қайтыс болды. Nexia салонында болған тағы үш жолаушы көз жұмды", - деді облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мамандары.
Қайтыс болғандардың арасында 6 және 10 жасар екі бала бар. Қайтыс болған бес адам да Ордабасы ауданының тұрғындары.
Оқиға орнына құтқарушылар, тасжолдағы медициналық-құтқару қызметі, жедел жәрдемнің екі бригадасы, аудандық полиция барды. Қазіргі кезде тергеу шаралары басталды.
Рука человека - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.07.2022
Атырауда жабық тұрған пәтерден ерлі-зайыптының мәйіті табылды
Жаңалықтар
0