https://sputnik.kz/20220726/petropavlda-energetik-alayaqtar-khalyqty-aldap-zhur-26347786.html
Петропавлда "энергетик-алаяқтар" халықты алдап жүр
Петропавлда "энергетик-алаяқтар" халықты алдап жүр
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 26 шілде – Sputnik. Петропавл қаласында алаяқтар көпқабатты үйлерді аралап, "апатты шұғыл жоюға" ақша жинап жүр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан... 26.07.2022, Sputnik Қазақстан
2022-07-26T12:14+0500
2022-07-26T12:14+0500
2022-07-26T12:14+0500
солтүстік қазақстан облысы
алаяқтық
https://sputnik.kz/img/07e6/06/14/25648779_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_5fc491116b441caa6fd1656090748cd9.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 26 шілде – Sputnik. Петропавл қаласында алаяқтар көпқабатты үйлерді аралап, "апатты шұғыл жоюға" ақша жинап жүр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. "Севказэнерго" АҚ-сының мәліметіне сәйкес, соңғы кезде қала тұрғындары тарапынан арыз-шағым көбейген. Барлығы "Солтүстік Қазақстан ЭТК" АҚ-сына қоңырау шалып, алаяқтарға алданғанын айтып жатыр. Ресми мәліметке сәйкес, қалада кем дегенде төрт адам алаяқтарға алданған. Осы орайда "Солтүстік Қазақстан ЭТК" АҚ-сы халықты сақ болуға үндеді. Себебі энергия таратушы компанияның қызметкерлері ақаулық болған жағдайда жөндеу жұмыстарын жасамайды. Олар арнайы бланкіде ұйғарымның екі нұсқасын шығарып, біреуі тұтынушыларға беріп кетеді. "Егер біреу "Солтүстік Қазақстан ЭТК" АҚ-сының шеберімін деп, есігіңізде қақса, одан арнайы куәлікті көрсетуді талап етіңіз. Ресми құжатта маман туралы барлық деректер жазылуы шарт. Сосын шеберден құрылым басшысының телефонын алуға болады. Ол маманның не үшін келгенін айтып, басқа да сұрақтарға жауып беруі тиіс", - деп атап көрсетті энергетиктер.
солтүстік қазақстан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/06/14/25648779_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_79804a7039354f79d99c04c79676bb8c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
солтүстік қазақстан облысы, алаяқтық
солтүстік қазақстан облысы, алаяқтық
Петропавлда "энергетик-алаяқтар" халықты алдап жүр
НҰР-СҰЛТАН, 26 шілде – Sputnik. Петропавл қаласында алаяқтар көпқабатты үйлерді аралап, "апатты шұғыл жоюға" ақша жинап жүр, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Севказэнерго" АҚ-сының мәліметіне сәйкес, соңғы кезде қала тұрғындары тарапынан арыз-шағым көбейген. Барлығы "Солтүстік Қазақстан ЭТК" АҚ-сына қоңырау шалып, алаяқтарға алданғанын айтып жатыр.
"Олар көпқабатты үйлерді аралап, өздерін компания қызметкерлері деп таныстырады. Сосын апат болды дейді. Оны шұғыл жою керек. Осы қызметі үшін ақша сұрайды. 6-10 мың теңгеден жинайды. Төлем түбіртегін де бермейді", - дейді компания мамандары.
Ресми мәліметке сәйкес, қалада кем дегенде төрт адам алаяқтарға алданған. Осы орайда "Солтүстік Қазақстан ЭТК" АҚ-сы халықты сақ болуға үндеді.
Себебі энергия таратушы компанияның қызметкерлері ақаулық болған жағдайда жөндеу жұмыстарын жасамайды. Олар арнайы бланкіде ұйғарымның екі нұсқасын шығарып, біреуі тұтынушыларға беріп кетеді.
"Егер біреу "Солтүстік Қазақстан ЭТК" АҚ-сының шеберімін деп, есігіңізде қақса, одан арнайы куәлікті көрсетуді талап етіңіз. Ресми құжатта маман туралы барлық деректер жазылуы шарт. Сосын шеберден құрылым басшысының телефонын алуға болады. Ол маманның не үшін келгенін айтып, басқа да сұрақтарға жауып беруі тиіс", - деп атап көрсетті энергетиктер.