Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанда газ толтыру станциясы отқа оранды – төрт адам зардап шекті

© Нұр-Сұлтан қаласы төтенше жағдайлар департаментіНұр-Сұлштанда газ толтыру станциясы өртенді
Нұр-Сұлштанда газ толтыру станциясы өртенді - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.07.2022
Жазылу
Yandex newsTelegram
Өрт екі сағаттың ішінде сөндірілді
НҰР-СҰЛТАН, 26 шілде – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласында бірнеше ғимарат өрттеніп, газ толтыру станциясы отқа оранды. Төрт адам ауруханаға түсті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Төтенше жағдайлар министрлігі ұсынған ақпаратқа сәйкес, 25 шілде күні түнгі сағат 22-05-те Қобда көшесіндегі өрт туралы хабарлама түскен.
Оқиға орнына төтенше жағдайлар депаратментінің бөлімшелері жіберілді.
"Келген бойда өрт сөндірушілер бір қабатты ғимараттың өртенгенін және екі қабатты ангардың шатыры, сондай-ақ газ толтыру станциясында газдың лаулап жанып жатқанын анықтады. Өрт орнында өрт сөндіру штабы құрылды, өрт сөндірудің жауынгерлік учаскелері ұйымдастырылды", - дейді құтқарушылар.
Алдын ала мәлімет бойынша төрт адам зардап шекті. Өрт екі сағаттың ішінде сөндірілді.
2gis.kz-те Қобда,6 мекенжайы бойынша техникалық қызмет көрсету және асхана орналасқаны көрсетілген. Осы нысандардың жанында балон толтыратын газ станциясы да болған.
Жаңалықтар
0