https://sputnik.kz/20220726/mariupolde-zhana-shagyn-audandagy-myn-pater-paydalanuga-beriledi-26533914.html
Мариупольде жаңа шағын аудандағы мың пәтер пайдалануға беріледі
Мариупольде жаңа шағын аудандағы мың пәтер пайдалануға беріледі
Sputnik Қазақстан
Күзге қарай кілттері табысталатын бұл пәтер жалпы аумағы 115 гектарды құрайтын 12 бес қабатты үйде орналасқан 26.07.2022, Sputnik Қазақстан
2022-07-26T18:43+0500
2022-07-26T18:43+0500
2022-08-09T11:43+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
украина
/i/logo/logo-social.png
НҰР-СҰЛТАН, 26 шілде – Sputnik. Мариупольде күзге қарай мың пәтерлік жаңа шағын аудан пайдалануға беріледі, деп хабарлайды РИА Новости."Мариуполь қаланы қалпына келтіру бойынша алдағы ауқымды дайындық жұмыстарының бірінші кезеңінен өтті. Ең алдымен Ресей Федерациясы қорғаныс министрлігінің нысандарын атап өткім келеді. Күзге қарай Ресей құрылысшылары Мариупольде мың пәтерден құралған жаңа шағын ауданды тапсырады", - деді қала әкімшілігінің басшысы Константин Иващенко.Шенеунік 60 орынға арналған медициналық орталықтың құрылысы жүріп жатқанын атап өтті. Жалпы Мариупольді қалпына келтіруге Ресейдің үш аймағы белсенді түрде қатысып жатыр. Бұл – Санкт-Петербург, Мәскеу және Тула облыстарындағы мердігерлер.Еске салсақ, 2014 жылы Донецк халық Республикасы өзін егемен аймақ ретінде жарияланған кезде шамамен 450 мың тұрғыны бар Мариуполь Донецктен кейінгі екінші ірі қала ретінде республиканың құрамында болды. Алайда сол жылдың маусым айында Украина қауіпсіздік күштері Мариупольді басып алды.2022 жылдың 20 мамырында Ресей қорғаныс министрлігі қаланың толық азат етілгенін хабарлады – "Азов" полкінің жауынгерлері мен украин әскерилері жасырынған "Азовсталь" зауытының жерасты нысандары ресейлік қарулы күштердің бақылауына өтті.
украина
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
украина
Мариупольде жаңа шағын аудандағы мың пәтер пайдалануға беріледі
18:43 26.07.2022 (жаңартылды: 11:43 09.08.2022) Күзге қарай кілттері табысталатын бұл пәтер жалпы аумағы 115 гектарды құрайтын 12 бес қабатты үйде орналасқан
НҰР-СҰЛТАН, 26 шілде – Sputnik. Мариупольде күзге қарай мың пәтерлік жаңа шағын аудан пайдалануға беріледі, деп хабарлайды
РИА Новости. "Мариуполь қаланы қалпына келтіру бойынша алдағы ауқымды дайындық жұмыстарының бірінші кезеңінен өтті. Ең алдымен Ресей Федерациясы қорғаныс министрлігінің нысандарын атап өткім келеді. Күзге қарай Ресей құрылысшылары Мариупольде мың пәтерден құралған жаңа шағын ауданды тапсырады", - деді қала әкімшілігінің басшысы Константин Иващенко.
Шенеунік 60 орынға арналған медициналық орталықтың құрылысы жүріп жатқанын атап өтті. Жалпы Мариупольді қалпына келтіруге Ресейдің үш аймағы белсенді түрде қатысып жатыр. Бұл – Санкт-Петербург, Мәскеу және Тула облыстарындағы мердігерлер.
Еске салсақ, 2014 жылы Донецк халық Республикасы өзін егемен аймақ ретінде жарияланған кезде шамамен 450 мың тұрғыны бар Мариуполь Донецктен кейінгі екінші ірі қала ретінде республиканың құрамында болды. Алайда сол жылдың маусым айында Украина қауіпсіздік күштері Мариупольді басып алды.
2022 жылдың 20 мамырында Ресей қорғаныс министрлігі қаланың толық азат етілгенін хабарлады – "Азов" полкінің жауынгерлері мен украин әскерилері жасырынған "Азовсталь" зауытының жерасты нысандары ресейлік қарулы күштердің бақылауына өтті.