Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Херсон облысында екі көпір қалпына келтіріліп жатыр

© Sputnik / РИА Новости / Медиабанкке өтуПовседневная жизнь в Херсоне
Повседневная жизнь в Херсоне - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.07.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 26 шілде – Sputnik. Херсон облысында зардап шеккен Антонов және Дарьев көпірлері қалпына келтіріліп жатыр, деп хабарлады РИА Новости.
Өңірдегі әкімшілік басшысының орынбасары Кирилл Стремоусовтың айтуынша, қазір инженерлік жұмыстар басталып кетті.
"Қазір Антоновс және Дарьев көпірлері қалпына келтіріліп жатыр. Инженерлік жұмыстар жүргізіліп жатыр. Көпірлерде жүк көліктерінің қозғалысы шектелген. Тек салмағы бес тоннаға дейінгі көліктер ғана жүре алады. Сондықтан өткел арқылы тек жолаушылар мен азаматтық көліктер ғана өте алады", - деді Стремоусов.
Өткен аптада украин әскері Херсон маңындағы Днепр өзені арқылы өтетін Антонов көпіріне және Ингулец өзені арқылы өтетін Дарьев көпіріне бірнеше рет соққы жасап, жол жабынын зақымдады.
Еске салсақ, арнайы операция барысында ресейлік әскерилер Херсон облысы мен Запорожье облысының Азов маңындағы бөлігін бақылауға алды. Екі өңірде де жаңа әкімшіліктер құрылып, ресейлік телеарналар мен радиостанциялар хабар тарата бастады. Қырыммен сауда байланысы қалпына келтіріліп жатыр.
Жаңалықтар
0