Жаңа карантин шаралары бизнеске қалай әсер етеді

© Sputnik / Владимир Астапкович / Медиабанкке өтуархив
архив  - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.07.2022
Жазылу
АЛМАТЫ, 26 шілде – Sputnik. "Атамекен" ҚР ҰКП алаңында коронавирус инфекциясының өршуіне байланысты қызыл аймаққа көшу жағдайында карантиндік шектеу шаралары талқыланды.
Жиынға 150-ден астам кәсіпкерлік қауымдастық өкілдері, сондай-ақ, денсаулық сақтау министрлігі мен Ұлттық палата өкілдері қатысты, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Карантин шаралары талқылау кезінде бизнес-қауымдастық қатаң шектеу шараларын енгізу бұрынғы шектеулерден қалпына келе бастаған бизнеске үлкен соққы береді деп санайды.
"Кәсіпкер мен жеке тұлға арасындағы жауапкершіліктің аражігі ажыратылып жазылғанын қалаймын. Әлеуметтік қашықтықты сақтау, маска режимі. Келушілер маска режимін сақтамаған жағдайда шегі жоқ айыппұл салдарынан бизнестің жабылып қалған жағдайлар қандай болғанын бәріміз білеміз. Бизнеске айыппұл салып, кедергі келтіреді. Сондықтан жауапкершілікті нақты жазайық. Кәсіпкер бүкіл халық үшін жауап бере алмайды", – деді бөлшек сауда және тамақтану қауымдастығының президенті Марина Бошель.
Жиын барысында кәсіпкерлер карантин шаралары немесе локдаун болса, мемлекеттен қандай қаржылай көмек болатыны да айтылды.
"Егер шектеу енгізілетін болса, салық төлеу жағын шешу керек. Өйткені шектеу басталысымен бизнестің шығыны еселене түседі. Тіпті маскалардың өзі үлкен шығын. Онда салық төлеу мен тексеруге мораторий енгізуді қарастыру керек. Осы панедмия болған үш жылда бизнесті әуре-сарсаңға түсіргені ешкімге жасырын емес", – деді Марина Бошель.
Ал қауымдастық өкілі Ольга Егорова Ashyq-ты енгізу, маска режимін енгізу жаңа жұмыс бірлігін ашуды қарастыратынын айтты. Яғни қайтадан күзетке адам жалдап, қайтадан кіреберіске адам қою қажет болады.
Кәсіпкерлердің пікірінше, қатаң карантиндік шаралар басқа салаларға да қауіп төндіреді.
"Біз әлі аяққа тұрмадық. Техниканы жаңарта алмадық, ақша таппадық, қазір біз көптеген жүргізуші, барлық деңгейдегі мамандардан айырылдық. Яғни, бұл жай ғана бизнесті емес, тұтас саланы жоюға апарады", – деп атап өтті "Қостанай облысының жолаушылар көлігімен тасымалдаушылар қауымдастығының, автовокзалдар мен автостанциялардың" бас директоры Леонид Кушнеров.
Өз кезегінде туристік саланың өкілі Инна Рей бизнеске қатысты ешқандай шектеу шаралары енгізілмеуі тиіс деп есептейді. Оның пікірінше, санитариялық жоспар орынды. Өйткені бизнес ендігі қатаң шектеулерге төтеп бере алмайды. Талқылау барысында ақпараттық қауіпсіздік сертификаты жоқ және өнеркәсіптік пайдалануға берілмеген Ashyq енгізудің заңдылығы мәселесі көтерілді.
Бұл мәселе бойынша кәсіпкерлердің алаңдаушылығын ҚР ДСМ санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Сәуле Ахметова сейілтті.
"Ashyq платформасы аруханалардағы төсек-орын қорының 50%-дан астамы толған кезде қолданылады. Егер денсаулық сақтау жүйесі үлгермей қалса, онда 2020 жылдағы жағдай қайталанады, сонда Ashyq енгізіледі. Қазіргі кезде Ashyq ақпараттық қауіпсіздікке сынақтан өтіп жатыр. Бағдарлама жақын арада өнеркәсіптік пайдалануға беріледі. Жыл бойы ол тәжірибелік пайдаланудан өтті. Яғни, тәжірибелік пайдаланудан кейін ол өнеркәсіпке енгізіледі", – деп түсіндірді Сәуле Ахметова.
Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі сонымен бірге қазіргі кезде ұсынылған шаралар Денсаулық сақтау жүйесіне жүктемені ескере отырып, жаңа матрицаға негізделгенін түсіндірді. Сары аймақта шаралар ұсынымдық сипатта болады.
Ал қызыл аймақ кезінде өткен жылмен салыстырғанда жұмсақ нұсқа ұсынылады.
Кеңес қорытындысы бойынша бизнестің барлық ұсынысы, қарсылығы мен қауіптері қызыл аймақ үшін карантиндік шараларды әзірлеу кезінде есепке алу үшін денсаулық сақтау министрлігіне жіберіледі.
Жаңалықтар
0