https://sputnik.kz/20220726/ishki-naryq-qant-qory-ministr-26346015.html
Тамыз айында ішкі нарықты қамтамасыз ету үшін қант қоры жеткілікті – министр
Тамыз айында ішкі нарықты қамтамасыз ету үшін қант қоры жеткілікті – министр
Sputnik Қазақстан
Республика бойынша тамыз айының соңында қанттың жалпы қоры 118 мың тоннаны құрайды 26.07.2022, Sputnik Қазақстан
2022-07-26T11:15+0500
2022-07-26T11:15+0500
2022-07-26T11:15+0500
экономика
қант
https://sputnik.kz/img/07e6/07/0e/26126884_0:85:1921:1165_1920x0_80_0_0_2c16e6331e5fb95010e50a7bdc08227a.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 26 шілде – Sputnik. Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев ішкі нарықты қантпен қамтамасыз ету жұмысы жайлы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Айтуынша, шілде айының басында республикадағы қант қоры 28 мың тоннаны құраған. Айдың соңына дейін 37 мың тонна қант өндіріледі деп болжанып отыр. Ол тамыз айындағы қантқа болжамды қажеттілік 69,8 мың тонна екенін атап өтті. "Бұл тұтынудың ең жоғарғы көлемі. Тамыздың басында республика бойынша қант қоры 35 мың тонна болжанып отыр. 42,2 мың тонна қант импортталады деп күтілуде. Әкімдіктер қорын ескерсек, республика бойынша қанттың жалпы қоры тамыз айының аяғына дейін 118 мың тоннаны құрайды деп жоспарлануда. Сол себепті осы шілде-тамыз айларында өзімізді қамтамасыз ету үшін қант қоры жеткілікті", - деді министр. Қарашөкеевтің айтуынша, республика бойынша қант балансы оң сальдоны көрсеткен. Биыл қаңтар айынан бастап отандық қант зауыттары 120 мың тонна құрақ шикізатынан қант өндірді. Бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен слыстырғанда 19 пайызға артық.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/07/0e/26126884_0:0:1553:1165_1920x0_80_0_0_837e4e43f7ddcb19474b591187912321.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қант
Тамыз айында ішкі нарықты қамтамасыз ету үшін қант қоры жеткілікті – министр
Республика бойынша тамыз айының соңында қанттың жалпы қоры 118 мың тоннаны құрайды
НҰР-СҰЛТАН, 26 шілде – Sputnik. Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев ішкі нарықты қантпен қамтамасыз ету жұмысы жайлы айтты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Айтуынша, шілде айының басында республикадағы қант қоры 28 мың тоннаны құраған. Айдың соңына дейін 37 мың тонна қант өндіріледі деп болжанып отыр.
"Квота аясында импорт көлемі 33,3 мың тоннаны құрайды. Осылайша ішкі қажеттілік 69,8 мың тонна болса, қанттың жалпы қоры 98,1 мың тонна болады деп күтілуде. Шілде айында қант зауыттарындағы қант құрағынан қант өндіру көлемін ескерсек, қант көлемі жеткілікті. Өз-өзімізді қамтамасыз ете аламыз", - деді Қарашөкеев орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Ол тамыз айындағы қантқа болжамды қажеттілік 69,8 мың тонна екенін атап өтті.
"Бұл тұтынудың ең жоғарғы көлемі. Тамыздың басында республика бойынша қант қоры 35 мың тонна болжанып отыр. 42,2 мың тонна қант импортталады деп күтілуде. Әкімдіктер қорын ескерсек, республика бойынша қанттың жалпы қоры тамыз айының аяғына дейін 118 мың тоннаны құрайды деп жоспарлануда. Сол себепті осы шілде-тамыз айларында өзімізді қамтамасыз ету үшін қант қоры жеткілікті", - деді министр.
Қарашөкеевтің айтуынша, республика бойынша қант балансы оң сальдоны көрсеткен. Биыл қаңтар айынан бастап отандық қант зауыттары 120 мың тонна құрақ шикізатынан қант өндірді. Бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен слыстырғанда 19 пайызға артық.