Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Иранның Shahed дроны америкалық HIMARS-пен кездесуі мүмкін

© Sputnik / Виталий Тимкив / Медиабанкке өтуУчения по борьбе с воздушными целями, архивное фото
Учения по борьбе с воздушными целями, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.07.2022
Жазылу
Ресей арнайы әскери операция кезінде дос елдердің қару-жарағын ғана емес, барлау деректерін де қолдана алады. Әскери шолушы Александр Хроленко осы мәселеге қатысты өз ойымен бөлісті.
Шетелдің бұқаралық ақпарат құралдарында Иранда жасалған ұшқышсыз аппараттарды Ресейге жеткізуге қатысты материалдар шыға бастады. Күні кеше бірнеше басылымда ирандық дрондардың тапсырылғаны туралы жазылды. Тіпті, модификациясы да көрсетілген. Ол - "Shahed-129". Дрондардың жеткізудің бір маршруты – Астрахань мен Волгоград. Ал екінші болжамға сәйкес, ұшқышсыз аппараттар әуе жолымен жеткізілді. 24 шілде күні ирандық Qeshm Fars Air әуе компаниясы Boeing 747-300 бортымен Мәскеуге кезекті рейсін жасап келді. Ал компанияның өзі Ислам революциясы қарауылдарының корпусымен байланысы бар депті.
Бұған дейін АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джейк Салливан ресейлік мамандардың Ирандағы Кашан аэродромына маусым айында екі рет барғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, әскери сарапшылар Shahed-191 мен Shahed-129 дрондарын зерттеп келді. Соққы жасауға арналған аппараттар жоғары дәлдігі бар зымырандармен атқылайды. АҚШ-тың барлау қызметі болса, Иранның Ресейге жүздеген дрон жеткізе алатынын хабарлады.
Негізі, Украинада АҚШ-тан жеткізілген қару-жарақты ирандық дрондармен жоюға техникалық тұрғыда әбден болады. Тактикалық жағынан да тиімді. Алайда РФ президенті Владимир Путин 19 шілде күні Тегеранға жасаған сапары барысында ұшқышсыз аппараттарды жеткізу мәселесін талқылаған жоқ. Оны президенттің көмекшісі Юрий Ушаков та растады.
Ал Иранның сыртқы істер министрлігінің өкілі Нассер Канаани дрондарға қатысты сұрақа жауап бергенде Иран мен Ресей арасындағы ынтымақтастықтың арнайы операцияға дейін басталғанын жеткізді. Соңғы кезде "ешқандай нақты өзгеріс болған жоқ".
Иран құрлық әскерінің қолбасшысы, генарал Киомарс Хейдари 22 шілде күні Тегеранның ұшқышсыз аппараттарды дос елдерге экспорттауға дайын екенін ашық айтты. Осылайша, Мәскеу де, Тегеран да дрондарды жеткізуге қатысты ақпаратты растаған жоқ. Бірақ жоққа да шығармады. Қазіргі жағдайда Иран мен Ресей біреудің алдында ақталуға міндетті емес шығар.

"Шахидтердің" ерекшелігі қандай

Иран батыс елдерінің 40 жылдық санкциясына қарамастан, мықты қорғаныс өнеркәсібін жасай білді. Авиақұрылыс саласында біраз жетістікке жетті, ұшқышсыз авиациясы да мықты.
Ирандық ұшқышсыз аппараттардың бірнеше сериясы бар. Барлау және соққы жасайтын аппараттар, камикадзе дрондар және тағысын тағы. Соның барлығы Сирия мен Иракта талай рет өз тиімділігін көрсетті. Эскадрильямен жаппай соққы жасаудың тактикасы мен технологиясы да сынақтан өтті. Қазіргі кезде ирандық дрондардың негізгі модельдері Африка мен Оңтүстік Америка нарығына шықты. Ал кейбір мемлекеттер дронды өз күшімен жасауға кірісті, лицензиясын да сатып алды. Атап айтқанда, Тәжікстан "Ababil-4" моделін жинаса, Венесуэла "Mohajer-6" дрондарын құрастырып жатыр.
Military Watch Magazine басылымы да ирандық дрондарға өз бағасын берді. "Иранның көзге көрінбейтін ұшқышсыз аппараттары жақын арада Украина үшін жағымсыз жаңалыққа болатын сияқты", - дейді мақала авторы. Батыста Ресей "Shahed-129" атты ауыр дрондарға басымдық береді деп жатыр. Соққы жасайтын ұшқышсыз аппарат израильдік "Hermes 450" пен америкалық "MQ-1 Predator" негізінде жасалған дейді.
Қалай болса да, ирандық "бестселлер" - "Shahed-129"-тың сериялық өндірісі жиырма жыл бұрын басталған. Ал 2019 жылы оның негізінде әскери-теңіз күштеріне арналған "Simorgh" ұшқышсыз аппараты жасалды. Дәл осы дрон интеллектуалды бомбалармен бір уақытта төрт нысанға оқ жаудыра алады. Дәлдігі жоғары, алыс жерге де бомба тастауға да мүмкіндігі бар.
"Шахид" (Shahed-129) фюзеляжының ұзындығы, шамамен, 8 метр, қанат құлашы – 16 метр. 400 келіге дейін жүк көтере алады. Ең жоғары жылдамдығы – сағаты 150 шақырым. Дрон 24 сағат бойы тоқтамай ұшады. Оқ жаудыру радиусы – 1700 шақырымға дейін. Ұшқышсыз аппаратта төрт басқарылатын танкіге қарсы Sadid-1 зымыраны (изаральдік Spike-ER баламасы) бар, болмаса, жоғары дәлдігі бар Sadid-345 бомбасын тағуға болады. Бұдан бөлек, дронға 8 тез ататын қару-жарақты орнатуға мүмкіндік бар.
Жалпы, "Shahed-129"-ның тактикалық және техникалық мүмкіндігі Украинада барлау және соққы жасау бойынша біраз міндеттерді тиімді орындауға жағдай жасайды. Бұған дейін ол жерде ресейлік "Иноходец" ұшқышсыз аппараттары ("Орион" деп атайды, оқ ату радиусы - 300 км, жылдамдығы - 200 км/сағ, жүкті көтеру қабілеті - 300 келі) және түріктің Bayraktar-TB2 (радиус – 150 км, жылдамдығы - 130 км/сағ; жүк көтеру қабілеті – 150 келі) көп болған.
Негізі, ресейлік "Иноходец" ("Орион") те мықты. Алайда "Кронштадт" компаниялар тобы жылына ондаған аппарат қана шығарады. Қазір одан көп керек. Себебі әскери іс-қимылдар кезінде бір дронның өмірі бірнеше аптаға ғана созылады.
Қазіргі кезде Батыс елдері Украинаның қарулы күштеріне қару-жарақты біраз бөлігін жеткізіп отырады. Соның ішінде ұшқышсыз аппаратттар да бар. Онда Ресей дос мемлекеттер шығарған кешендер мен тиімді жүйелерді қолдана алады.
Жаңалықтар
0