Өңірлер

Алматыда таудағы өртті тікұшақтың көмегімен сөндіріп жатыр

© ДЧС АлматыҚимасар шатқалындағы өрт
Қимасар шатқалындағы өрт - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.07.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 26 шілде – Sputnik. Дүйсенбі, 25 шілде кешке Алматыда Медеу ауданындағы Қимасар шатқалында қураған шөп өртенді. Оны сөндіруге 100 өрт сөндіруші, сондай-ақ атты патруль мен Іле Алатау ұлттық паркінің инспекторлары – 60 адам, Қазәуеорманқорғаудың 18 қызметкері, 14 техника жіберілді.
Сонымен қатар, қураған шөпті сөндіруге ТЖМ Қазәуеқұтқарудың "Ми-8 АМТ" және 109 құтқару қызметінің су төгетін құрылғылары бар (3 тонна) екі тікұшағы жұмылдырылды, деп хабарлайды Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметі.
Құлама беткей мен қараңғылықтан өртті техника мен әуе борттарының көмегімен сөндіру мүмкін болмады. Осыған байланысты өрт сөндірушілерге оқиға орнына жаяу аттануға тура келді.
Өрт шыққан жерге жеткен кезде аумағы 0,06 га жекелеген ошақтарда құрғақ шөптің жанып жатқаны анықталды.
Тілсіз жауды ауыздықтауға "Ермак" аспалы өрт сөндіргіштері, бекіністік құрал-саймандар (күрек) пайдаланылды. Өрт орны жыртылды.
Департамент таулы аймақтағы жоғары өрт қаупіне байланысты қала тұрғындары мен қонақтарына тауда от жақпауға және темекі тартпауға кеңес береді.
Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 367-бабы 3-тармағына сәйкес, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзғаны үшін жеке тұлғаларға 100 АЕК немесе шамамен 300 мың теңге айыппұл салынады.
Егер төтенше жағдайдың салдары ауыр болса, кінәлі адамдар қылмыстық жауапқа тартылуы мүмкін.
Жаңалықтар
0