Қоғам

Алматыда таксист шетелдік әйелді әуежайдан қонақ үйге 45 мың теңгеге апарған

© Sputnik / Наталья Селиверстова / Медиабанкке өтуАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.07.2022
Жазылу
Жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды
НҰР-СҰЛТАН, 25 шілде – Sputnik. Алматыда такси жүргізуші шетелдік әйелді алдап, әуежайдан қонақ үйге апарғаны үшін 45 мың теңге алған, деп хабарлайды көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі.
"Италиядан келген қонақ Алматы әуежайынан қонақ үйге жету үшін 45 мың теңге төлеген", - дейді ҚР ІІМ көліктегі полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Мадияр Айтуғанов.
Оның айтуынша, Алматы әуежайындағы желілік полиция бөліміне қала тұрғыны арызданған. Ол Италия азаматын әуежайдан қонақ үйге дейін әдейі қымбатқа апарған белгісіз такси жүргізушісіне қатысты шара қолдануды сұраған.
Көлік полицейлері жекеменшік такси жүргізушінің жеке басын бірден анықтады. Ол Алматы облысының 48 жастағы тұрғыны.
Ер адам шетелдік әйелдің мазасын алып, оны алдап, әуежайдан Бөгенбай батыр көшесіндегі қонақ үйге дейін тым көп жолақы алған. Жүргізуші шығынды өтеді.
"Құқықбұзушы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 449-бабы 1-тармағы – "қоғамдық орындарда тиісу" бойынша әкімшілік жауапқа тартылды", - деп толықтырды полиция полковнигі.
Жұрттың мазасын алып, тиісудің тағы бір фактісі Қарағандыда тіркелді. Қарағанды – Пассажирская станциясында желілік полиция бөлімшесінің қызметкерлері 1969 жылғы ер адамды ұстады. Ол теміржол билеттерін сату және жолаушылар пойызына билетсіз отырғызу қызметін ұсынған. Әлгі азаматтың бұған дейін де осыған ұқсас құқықбұзушылық үшін әкімшілік жауапқа тартылғаны анықталды.
Жыл басынан бері көлік полициясы әуе және теміржол нысандарында түрлі әкімшілік құқықбұзушылық үшін 25 746 азаматты жауапкершілікке тартты. Соның ішінде қоғамдық орындарда адамдарға тиіскені үшін – 1 059 адам, оның 250-і – заңсыз такси жүргізушілер.
Жаңалықтар
0