Жол ережесін жиі бұзатын көлік жүргізушілеріне жеңілдік жасалмайды

© Sputnik / Владислав ВодневЖол, көлік
Жол, көлік - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.07.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 25 шілде – Sputnik. Ішкі істер министрлігі жол ережесіне қатысты бірнеше өзгерісті қарастыруға кірісті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Жандос Мұратәлиевтің айтуынша, өзгерістердің ішінде жол ережесін жиі бұзатын көлік жүргізушілеріне қатысты бір ұсыныс бар. Атап айтқанда, олар жеңілдікпен айыппұл төлеу мүмкіндігінен айырылуы мүмкін.
"Қазіргі кезде ішкі істер министрлігі бірнеше өзгерісті пысықтап жатыр. Соның бірі – бір жыл ішінде бес рет әкімшілік құқықбұзушылық жасаған тұлғаларға жол ережесін бұзғаны үшін 50 проценттік жеңілдікпен айыппұл төлеу мүмкіндігін алып тастау", - деді Мұратәлиев бүгінгі онлайн брифингте.
Оның сөзіне қарағанда, алдағы уақытта тасжолдарда орташа жылдамдықты асырғаны үшін айыппұл болады.
Бұдан бөлек, самокат мінетіндердің құқықтық статусы анықталып, олардың жолда жүру тәртібі анықталады.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.07.2022
Маусым автодилерлер үшін табысты ай болды – 11 418 жеңіл көлік сатылды
Жаңалықтар
0