https://sputnik.kz/20220725/zaporozhe-men-kherson-oblystarynda-referendum-qyrkuyektin-birinshi-zhartysynda-otui-mumkin-26527022.html
Запорожье мен Херсон облыстарында референдум қыркүйектің бірінші жартысында өтуі мүмкін
Запорожье мен Херсон облыстарында референдум қыркүйектің бірінші жартысында өтуі мүмкін
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 25 шілде – Sputnik. Алдын ала мәлімет бойынша, Запорожье облысының мәртебесі туралы референдум қыркүйектің бірінші жартысында өтуі мүмкін. Бұл... 25.07.2022, Sputnik Қазақстан
2022-07-25T12:27+0500
2022-07-25T12:27+0500
2022-08-04T16:27+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
украина
https://sputnik.kz/img/07e6/06/07/25373394_0:0:3413:1919_1920x0_80_0_0_cc002fd44d9ee940c29b1162cb7df0fc.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 25 шілде – Sputnik. Алдын ала мәлімет бойынша, Запорожье облысының мәртебесі туралы референдум қыркүйектің бірінші жартысында өтуі мүмкін. Бұл туралы Запорожье облысы әкімшілігінің бас кеңесінің мүшесі Владимир Рогов хабарлады.Бұған дейін Херсон және Запорожье облыстарының әкімшіліктері Ресей Федерациясына қосылу мәселесі бойынша аймақта сайлау және референдум өткізу үшін сайлау комиссиялары құрылғанын хабарлады. Екі аймақтың билігі де референдум 2022 жылдың күзінде өтетінін мәлімдеді."Барлық жағдай референдум қыркүйек айының бірінші жартысында өтетініне қарай ығысып жатыр. Әзірге нақты күнін айта алмаймын. Сайлау комиссиялары құрылып жатыр", - деді Рогов РИА Новости агенттігіне.Ол сондай-ақ Ресей Федерациясына Запорожье және Херсон облыстарын қосу туралы референдум бір күнде өтуі мүмкін екенін айтты.Роговтың айтуынша, жақында әкімшілік басшысының шешімімен Энергодарда да сайлау комиссиясы құрылған.Арнайы операция барысында ресейлік әскерилер Херсон облысы мен Запорожье облысының Азов маңындағы бөлігін бақылауға алды. Екі өңірде де жаңа әкімшіліктер құрылып, ресейлік телеарналар мен радиостанциялар хабар тарата бастады. Қырыммен сауда байланысы қалпына келтіріліп жатыр. Аймақтар Ресейдің құрамына кіру жоспарын жариялады.
украина
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/06/07/25373394_62:0:2793:2048_1920x0_80_0_0_2b131ba19004a2c1981cc80306a32fb0.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
украина
Запорожье мен Херсон облыстарында референдум қыркүйектің бірінші жартысында өтуі мүмкін
12:27 25.07.2022 (жаңартылды: 16:27 04.08.2022) НҰР-СҰЛТАН, 25 шілде – Sputnik. Алдын ала мәлімет бойынша, Запорожье облысының мәртебесі туралы референдум қыркүйектің бірінші жартысында өтуі мүмкін. Бұл туралы Запорожье облысы әкімшілігінің бас кеңесінің мүшесі Владимир Рогов хабарлады.
Бұған дейін Херсон және Запорожье облыстарының әкімшіліктері Ресей Федерациясына қосылу мәселесі бойынша аймақта сайлау және референдум өткізу үшін сайлау комиссиялары құрылғанын хабарлады. Екі аймақтың билігі де референдум 2022 жылдың күзінде өтетінін мәлімдеді.
"Барлық жағдай референдум қыркүйек айының бірінші жартысында өтетініне қарай ығысып жатыр. Әзірге нақты күнін айта алмаймын. Сайлау комиссиялары құрылып жатыр", - деді Рогов
РИА Новости агенттігіне.
Ол сондай-ақ Ресей Федерациясына Запорожье және Херсон облыстарын қосу туралы референдум бір күнде өтуі мүмкін екенін айтты.
Роговтың айтуынша, жақында әкімшілік басшысының шешімімен Энергодарда да сайлау комиссиясы құрылған.
Арнайы операция барысында ресейлік әскерилер Херсон облысы мен Запорожье облысының Азов маңындағы бөлігін бақылауға алды. Екі өңірде де жаңа әкімшіліктер құрылып, ресейлік телеарналар мен радиостанциялар хабар тарата бастады. Қырыммен сауда байланысы қалпына келтіріліп жатыр. Аймақтар Ресейдің құрамына кіру жоспарын жариялады.