Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Украина ресейлік әскери ұшақты айдап әкетпек болды – ФҚҚ

© AP Photo / EFREM LUKATSKYTU-160
TU-160 - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.07.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 25 шілде – Sputnik. Украина әскерлері айдап әкетпек болған ресейлік әскери ұшақты Кировоград облысындағы Канатово әуе айлағына қондыруды жоспарлаған. Бұл туралы РИА Новости Федералды қауіпсіздік қызметінің материалдарына сілтеме жасап хабарлады.
Дүйсенбі күні Федералды қызмет НАТО елдерінің арнайы қызметтері жетекшілік ететін Украина Бас барлау басқармасының ресейлік әскери ұшақтарды айдап әкету бойынша операциясына тосқауыл болғанын мәлімдеді. Ресейлік қарсы барлау Украинаның жоспарына қатысты деректер алған. Соның арқасында РФ Қарулы күштері бірқатар украиналық әскери нысанды жойды.
"Россия 24" телеарнасы ФҚҚ ұсынған телефон әңгімесін келтірді. Онда Украина ӘӘК-тің Олег есімді офицері ресейлік ұшқыштардың бірінен Украина аумағы үстінен айдап әкететін борттың қауіпсіз ұшуы туралы сұраған.
"Аэродромның қонуға дайындығы мені де қызықтырады. Су-34 бойынша есептесек, Канатовоға дейін сіздерде отын жете ме? Бұл Кировоград", - деп сұрады украин офицері.
Жуырда РФ Қорғаныс министрлігі алысқа ұшатын жоғары дәлдікті қарудың соққысымен дәл осы Канатово аэродромында Украина Әуе күштерінің авиациялық техникасы жойылғанын мәлімдеді.
Сондай-ақ Bellingcat (БАҚ-шетелдік агенттер ресстріне енгізілген) басымылының бас тергеушісі Христо Грозев РФ ӘҒК ұшақтарын айдап әкетуге тырысқан украиналық әскери барлаудың операциясына қатысқаны хабарланды.
Ұшақты айдап әкету үшін украин әскерлері ресейлік ұшқышты ақшаға сатып алмақ болған. Сондай-ақ олар оған Еуропа мемлекетінің паспортын беруге уәде еткен, деп мәлімдеді ФҚҚ.
Жаңалықтар
0