https://sputnik.kz/20220725/shygys-qazaqstan-3-zhasar-bala-26323735.html
Шығыс Қазақстанда 600-ден аса адам 3 жасар баланы іздеп жатыр
Шығыс Қазақстанда 600-ден аса адам 3 жасар баланы іздеп жатыр
Sputnik Қазақстан
Бала кеше кешкі жетілер шамасында аулада жүргенде жоғалып кеткен 25.07.2022, Sputnik Қазақстан
2022-07-25T10:48+0500
2022-07-25T10:48+0500
2022-07-25T11:22+0500
өңірлер
бала
шығыс қазақстан
https://sputnik.kz/img/07e6/07/19/26323847_0:151:1600:1051_1920x0_80_0_0_b201b34dab71fa119d19cc3e8261ea61.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 25 шілде – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында 3 жасар бала жоғалып кетті. Бүлдіршінді іздестіруге барлығы 621 адам жұмылдырылды, сондай-ақ тікұшақ пен дрон да тартылды.ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратынша, Ұлан ауданы Таврия ауылында 24 шілде кешкі жетілер шамасында 3 жасар Әділхан Сейсембай жоғалып кетті. Полицияға баланың әкесі арызданған. Айтуынша, ұлы әдеттегідей аулаға шыққан, бірақ біраз уақыттан кейін ата-анасы оны таба алмай қалған.Бүлдіршінді полицейлер, құтқарушылар, еріктілер мен жанашыр тұрғындар іздестіріп жатыр.Белгілері: бойы 90-100 см, дене бітімі арық, шашы қара, түзу, көздері қоңыр. Үстінде жасыл футболка, ақ-көк түсті қалпақ, жасыл шорты, аяғында қара-көк түсті кроссовка болған.Полиция жоғалған бала туралы қандай да бір ақпарат болса, "102" нөміріне хабарласуды сұрайды.Кейінірек облыстық полииция департаменті баланың табылғанын хабарлады.Іздеу операциясы кезінде криминалды полицияның қызметкері Айдар Дүйсенбаев 3 жасар Әділханды ауылдан 3 шақырым жерден тапқан.Бала аман, қазір үйінде ата-анасының қасында.
шығыс қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/07/19/26323847_0:0:1600:1200_1920x0_80_0_0_179d825244f8f860eb7f8849c8a3f92c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бала, шығыс қазақстан
Шығыс Қазақстанда 600-ден аса адам 3 жасар баланы іздеп жатыр
10:48 25.07.2022 (жаңартылды: 11:22 25.07.2022) Бала кеше кешкі жетілер шамасында аулада жүргенде жоғалып кеткен
НҰР-СҰЛТАН, 25 шілде – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында 3 жасар бала жоғалып кетті. Бүлдіршінді іздестіруге барлығы 621 адам жұмылдырылды, сондай-ақ тікұшақ пен дрон да тартылды.
ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратынша, Ұлан ауданы Таврия ауылында 24 шілде кешкі жетілер шамасында 3 жасар Әділхан Сейсембай жоғалып кетті. Полицияға баланың әкесі арызданған. Айтуынша, ұлы әдеттегідей аулаға шыққан, бірақ біраз уақыттан кейін ата-анасы оны таба алмай қалған.
Бүлдіршінді полицейлер, құтқарушылар, еріктілер мен жанашыр тұрғындар іздестіріп жатыр.
"Қазіргі уақытта ауқымды іздестіру операциясы жүргізіліп, ауыл аумағы 16 секторға бөлінген. Барлығы 621 адам (полицейлер, ұлттық ұланның әскери қызметшілері, атты полиция, әкімдік, ТЖД қызметкерлері, еріктілер) жұмылдырылды. Бұдан бөлек, квадрокоптерлер мен тікұшақ тартылды", - делінген хабарламада.
Белгілері: бойы 90-100 см, дене бітімі арық, шашы қара, түзу, көздері қоңыр. Үстінде жасыл футболка, ақ-көк түсті қалпақ, жасыл шорты, аяғында қара-көк түсті кроссовка болған.
Полиция жоғалған бала туралы қандай да бір ақпарат болса, "102" нөміріне хабарласуды сұрайды.
Кейінірек облыстық полииция департаменті баланың табылғанын хабарлады.
Іздеу операциясы кезінде криминалды полицияның қызметкері Айдар Дүйсенбаев 3 жасар Әділханды ауылдан 3 шақырым жерден тапқан.
Бала аман, қазір үйінде ата-анасының қасында.