https://sputnik.kz/20220725/qtzh-qyrkuyekten-bastap-poyyz-toqtatylady-26322374.html
ҚТЖ қыркүйектен бастап пойыздар тоқтатылады деген ақпаратты жоққа шығарды
ҚТЖ қыркүйектен бастап пойыздар тоқтатылады деген ақпаратты жоққа шығарды
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 25 шілде – Sputnik. "Қазақстан теміржолы" ұлттық компаниясы 1 қыркүйектен бастап коронавирусқа байланысты барлық бағытта пойыз қатынасы тоқтайды... 25.07.2022, Sputnik Қазақстан
2022-07-25T10:07+0500
2022-07-25T10:07+0500
2022-07-25T10:07+0500
пойыз
қтж
https://sputnik.kz/img/07e4/08/19/14790017_0:526:2047:1677_1920x0_80_0_0_b273867c45d8ce9b7362bdf16fbd4e03.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 25 шілде – Sputnik. "Қазақстан теміржолы" ұлттық компаниясы 1 қыркүйектен бастап коронавирусқа байланысты барлық бағытта пойыз қатынасы тоқтайды деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Әлеуметтік желіде ондаған бағытта билет сатуды тоқтату туралы құжаттың көшірмесі тарады. Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан мен Алматыдан Атырауға, Қостанайға, Арқалыққа, Орал, Маңғыстау мен Өскеменге билет сатылмайтыны жазылған. Мұны коронавирустың өршуімен байланыстырған."Қазақстан теміржолы" ұлттық компаниясына қарасты "Жолаушылар тасымалы" АҚ барлық бағытта пойыз қатынасы тоқтылмайтынын мәлімдеді. Ал бірнеше бағыттың тоқтатылуына коронавирустың ешбір қатысы жоқ. "Ұлытау облысына көлік қолжетімділігін дамыту мақсатында қыркүйектен бастап Жезқазған бағытында Тальго пойыздары жіберіледі. Ал теміржол учаскелерінің өткізу қабілеті шектеулі. Оған қоса, Тальгоның коммерциялық пойыздары субсидияланатын бағыттарға ауыстырылады. Осыған байланысты кейбір бағытта жол жүру билетін сату уақытша тоқтатылған болатын", - дейді компания мамандары. Әлеуметтік желіде тараған құжат көшірмесіндегі пойыздарға билет сату кезең-кезеңмен қайта ашылып жатыр. 26 шілдеге дейін барлығы толығымен қайта қатынайды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/08/19/14790017_0:334:2047:1869_1920x0_80_0_0_0b200225a23c7b01c78bd464d53d9dc1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
пойыз, қтж
ҚТЖ қыркүйектен бастап пойыздар тоқтатылады деген ақпаратты жоққа шығарды
НҰР-СҰЛТАН, 25 шілде – Sputnik. "Қазақстан теміржолы" ұлттық компаниясы 1 қыркүйектен бастап коронавирусқа байланысты барлық бағытта пойыз қатынасы тоқтайды деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Әлеуметтік желіде ондаған бағытта билет сатуды тоқтату туралы құжаттың көшірмесі тарады. Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан мен Алматыдан Атырауға, Қостанайға, Арқалыққа, Орал, Маңғыстау мен Өскеменге билет сатылмайтыны жазылған. Мұны коронавирустың өршуімен байланыстырған.
"Қазақстан теміржолы" ұлттық компаниясына қарасты "Жолаушылар тасымалы" АҚ барлық бағытта пойыз қатынасы тоқтылмайтынын мәлімдеді. Ал бірнеше бағыттың тоқтатылуына коронавирустың ешбір қатысы жоқ.
"Ұлытау облысына көлік қолжетімділігін дамыту мақсатында қыркүйектен бастап Жезқазған бағытында Тальго пойыздары жіберіледі. Ал теміржол учаскелерінің өткізу қабілеті шектеулі. Оған қоса, Тальгоның коммерциялық пойыздары субсидияланатын бағыттарға ауыстырылады. Осыған байланысты кейбір бағытта жол жүру билетін сату уақытша тоқтатылған болатын", - дейді компания мамандары.
Әлеуметтік желіде тараған құжат көшірмесіндегі пойыздарға билет сату кезең-кезеңмен қайта ашылып жатыр. 26 шілдеге дейін барлығы толығымен қайта қатынайды.