https://sputnik.kz/20220725/qazaqstan-kasipkerleri-kasibi-mereke-26326536.html
Қазақстан кәсіпкерлерінің кәсіби мерекесі пайда болады
Қазақстан кәсіпкерлерінің кәсіби мерекесі пайда болады
Sputnik Қазақстан
Кәсіпкерлер төл мейрамын 9 қыркүйекте атап өтеді 25.07.2022, Sputnik Қазақстан
2022-07-25T12:22+0500
2022-07-25T12:22+0500
2022-07-25T12:22+0500
қоғам
кәсіпкер
мереке
https://sputnik.kz/img/606/07/6060793_94:0:1826:974_1920x0_80_0_0_24d83380d14ce37ea0730375b7f87646.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 25 шілде – Sputnik. Қазақстанда екі жаңа мереке пайда болады: 9 қыркүйек – Кәсіпкерлер күні және 19 желтоқсан – Жарнама маманы күні.Ұлттық экономика министрлігі "Қазақстандағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы" үкімет қаулысына өзгерістер әзірледі. Қаулы жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланды.Оған сәйкес, мерекелер тізімі екі датамен толығады: Қазақстан кәсіпкерлері күні – 9 қыркүйек және Жарнама маманы күні – 19 желтоқсан.Қазақстанда 1,6 миллионнан аса шағын және орта бизнес субъектісі бар. Олардың барлығы ел экономикасының дамуына елеулі үлес қосып жатыр.Ал жарнама мамандарының кәсіби мерекесін "Жарнама туралы" заңның қабылданған күніне орайластыру ұсынылды.Министрлік бүгінде жарнама саласы Қазақстандағы әлеуметтік белсенділік пен кәсіпкерліктің дамуына зор үлес қосып жатқанын атап өтті. Республикада 2 мыңға жуық жарнама ұйымы тіркелген, онда шамамен 100 мың жарнама маманы жұмыс істейді.Қаулы жобасы 8 тамызға дейін қоғам талқысына шығарылды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/606/07/6060793_310:0:1609:974_1920x0_80_0_0_7bacbde7ceea08b79810c4be34af1009.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
кәсіпкер, мереке
Қазақстан кәсіпкерлерінің кәсіби мерекесі пайда болады
Кәсіпкерлер төл мейрамын 9 қыркүйекте атап өтеді
НҰР-СҰЛТАН, 25 шілде – Sputnik. Қазақстанда екі жаңа мереке пайда болады: 9 қыркүйек – Кәсіпкерлер күні және 19 желтоқсан – Жарнама маманы күні.
Ұлттық экономика министрлігі "Қазақстандағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы" үкімет қаулысына өзгерістер әзірледі. Қаулы жобасы
"Ашық НҚА" порталында жарияланды.
Оған сәйкес, мерекелер тізімі екі датамен толығады: Қазақстан кәсіпкерлері күні – 9 қыркүйек және Жарнама маманы күні – 19 желтоқсан.
Қазақстанда 1,6 миллионнан аса шағын және орта бизнес субъектісі бар. Олардың барлығы ел экономикасының дамуына елеулі үлес қосып жатыр.
"Соңғы екі жыл әсіресе қиын болды. Пандемия қысқартуға, оңтайландыруға, басқару модельдерін, бизнес форматтарын өзгертуге мәжбүр етті. Осыған байланысты жаңа мереке – Қазақстан кәсіпкерлері күнін – 9 қыркүйекке бекіту ұсынылады. 2013 жылы осы күні Қазақстанның бүкіл бизнесін біріктіретін "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасын құру туралы құрылтайшылардың бірлескен шешіміне қол қойылды", - делінген негіздемеде.
Ал жарнама мамандарының кәсіби мерекесін "Жарнама туралы" заңның қабылданған күніне орайластыру ұсынылды.
Министрлік бүгінде жарнама саласы Қазақстандағы әлеуметтік белсенділік пен кәсіпкерліктің дамуына зор үлес қосып жатқанын атап өтті. Республикада 2 мыңға жуық жарнама ұйымы тіркелген, онда шамамен 100 мың жарнама маманы жұмыс істейді.
Қаулы жобасы 8 тамызға дейін қоғам талқысына шығарылды.