Қазақстан банктеріне Ресей рублін әкетуге рұқсат етілді

© Pixabay / Evgeny GoTown.ru Рубль
Рубль - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.07.2022
Жазылу
Осындай шараларды көрші елдер де аймақта ішкі қаржы жүйесінің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қабылдады
НҰР-СҰЛТАН, 25 шілде – Sputnik. Қазақстан үкіметі екінші деңгейдегі банктерге қолма-қол Ресей рублін әкетуге рұқсат ететін Қаулы қабылдады.
"Қазақстан республикасының екінші деңгейдегі банктеріне 2022 жылғы 31 тамызға дейін осы екінші деңгейдегі банктердің кассаларында 2022 жылғы 1 шілдедегі сағат 23:59-да жинақталған көлем шегінде Қазақстан Республикасынан қолма-қол Ресей рублін әкетуге рұқсат етілсін", – делінген құжатта.
Құжат қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Еске салсақ, 2022 жылғы наурызда Қазақстаннан шетел валютасын 10 мың АҚШ долларынан асатын сомада әкетуге тыйым салған жарлық қабылданды. Бұл қолма-қол шетел валютасына алыпсатарлық сұраныстың қысымын төмендетуге және шетел валютасын елден әкету тәуекелдерін теңестіруге мүмкіндік берді.
Осындай шараларды көрші елдер де аймақта ішкі қаржы жүйесінің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қабылдады.
Сонымен қатар Қазақстан мен РФ арасындағы жоғары сауда өзара байланысының салдарынан қазақстандық банктерде елден әкетуге қойылған шектеулерге байланысты қолма-қол рубль жинақталды.
Бұған негізінен шекара маңындағы сауданың елеулі көлемі, сондай-ақ ЕАЭО-қа қатысушы елдер азаматтарының одақ ішінде туристік және өзге де мақсаттарда еркін орын ауыстыруы сияқты факторлар әсер етті.
"Біз бір жолғы әкету аралық шара болып табылатынын және қазақстандық банктерде Ресей рублінің қолма-қол ақша жинақтау проблемасын шешпейтінін түсінеміз. Банктердің қолма-қол ақшаны әкетуге тыйым салуды толығымен жою мәселесін қарау сауда ағынына талдау жүргізу және жағдайды тұрақтандыру шамасына қарай мүмкін болады", - деп Ұлттық банк хабарлаған болатын.
Жаңалықтар
0