Өңірлер

Нұр-Сұлтан мен Жезқазғанды байланыстыратын рейстер саны екі есе артады

© Photo : Пресс-служба Qazaq Air Qazaq Air ұшағы
 Qazaq Air ұшағы - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.07.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 25 шілде – Sputnik. Qazaq Air әуе компаниясы 15 тамыздан бастап Нұр-Сұлтан – Жезқазған бағыты бойынша рейстер санын арттырады, деп хабарлайды Азаматтық авиация комитеті.
Ұлытау облысының әкімдігі мен тұрғындарынан көптеген өтініштің түсуіне байланысты авиация комитеті Qazaq Air әуе компаниясымен жұмыс жүргізген.
"15 тамыздан бастап "Qazaq Air" АҚ Нұр-Сұлтан – Жезқазған бағыты бойынша рейстер санын аптасына 3-тен 7 рейске дейін ұлғайтады", - делінген хабарламада.
Осылайша президент жарлығымен құрылған Ұлытау облысының орталығы мен елорда арасындағы әуе қатынасы екі еседен астам ұлғайтылады. Бұл өңірдің экономикалық және туристік әлеуетін одан әрі дамытуға ықпал етеді.
Қазір Азаматтық авиация комитеті Ұлытау облысының Қазақстанның басқа да өңірлерімен көлік қолжетімділігін арттыру бойынша жұмысты жалғастыруда.
Жаңалықтар
0