Өңірлер

БҚО-да медбике аурухана басшылығының былық-шылығын жайып салды

© Photo : СС0 / Darko StojanovicВрач
Врач - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.07.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 25 шілде – Sputnik. Батыс Қазақстан облысында аудандық аурухананың медбикесі басшылықтың заңсыз әрекеттерге барғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі Vera.kz сайтына сілтеме жасап.
Бәйтерек ауданындағы екінші аурухананың медбикесі Жанаргүл Калашникова мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің төрағасына хат жазып, заңбұзушылықтарды тізіп берді. Оның айтуынша, аурухана басшысының орынбасары қызмет бабын асыра пайдаланып, вакцинация кабинетінің медбикелерін коронавирусқа қарсы екпе салдырғаны туралы жалған құжат жасауға міндеттейді.
"Бисенбаева өзімізге, таныстарымызға және туыстарымызға екпе салуға келмей-ақ, жалған вакцинация төлқұжатын жасауға міндеттеп отырады. Ал пандемия кезінде коронавирустық инфекцияны жұқтырған адамдардың санын ескере отырып, ондай әрекеттерге жол беруге болмайды", - дейді Калашникова.
Оның сөзіне қарағанда, Бисенбаева мемлекеттік коммуналдық кәсіпорында басшылық қызметті басқарса да, жұмыс орнында пациенттерді ақылы негізде қабылдайды. Ал ақшаны кассаға емес, өзінің жеке картасына немесе қолма-қол беруді талап етеді.

"Бұдан бөлек, Бисенбаеваның нұсқауымен пациенттер аурухананың стационарында бюджет есебінен емделеді. Оларға қажетті құжаттар рәсімделмейді. Ал дәрі-дәрмекті басқа пациенттерге кетті деп жаза салады", - деп жазды Калашникова.

Осы арыздан кейін медбикені директордың кабинетіне шақырған. Сол жерде одан шағымды алып кетуді талап еткен, мәселені өзара шешуге көндіріп көрген. Артынан директордың тағы бір орынбасары шақырып, Бисенбаева жазған баянатты көрсеткен.
Әріптесі ондай тәртіпбұзушылықтарға бармағанын түсіндірген. Баянатта директордың бұрыштамасы бар. Аурухана басшысы тексеріс өткізіп, оған үстемеақыны бермеуді тапсырған. Баянат тура арыз түсірілген күні жазылған.
Калашникова болса "Ел намысы" арнайы мониторинг тобының төрағасы Рафаэль Гасановтың атына тағы бір арыз түсірді. Медбике әділдік іздеп, сотқа дейін барамын дейді.
Жаңалықтар
0