Бестөбе шахтасында тағы бір адамның мәйіті табылды

© Photo : АК "Алтыналмас"Бестобе
Бестобе - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.07.2022
Жазылу
Көз жұмған адамның артында кәмелетке толмаған екі баласы қалды
НҰР-СҰЛТАН, 25 шілде – Sputnik. Ақмола облысындағы Бестөбе алтын өндіру шахтасында үш заңсыз алтын іздеуші анықталды. "Алтыналмас" компаниясының хабарлауынша, олардың бірі өлі, тағы біреуі көптеген жарақат алған.
Олар күнделікті тексеру барысында "Батыс" шахтасының 610 метр тереңдігінен табылған.
"Заңсыз алтын іздеушілер шахтадан шығарылды. Полиция мен жедел жәрдем шақырылды. Үш тұлғаның да жеке басы анықталды. Жарақат алған және қайтыс болған екі адам Ақмола облысы Заводской ауылының тұрғындары, ал тағы біреуі Жаңа Қарабұлақ ауылынан келген", - делінген хабарламада.
Анықталған үш тұлғаның бір де біреуі зауытта жұмыс істемейді, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі. Олардың үшеуі де бұған дейін жауапкершілікке тартылған.
Ұсталған адамның бірі заңсыз алтын іздеумен айналысқандарын мойындады.
Көз жұмған адамның артында кәмелетке толмаған екі баласы қалды.
Бұған дейін Бестөбе шахтасында ер адамның мәйіті табылғаны туралы хабарланған болатын.
Жаңалықтар
0