Өңірлер

Айналма жол құрылысы Алматы көшелеріндегі кептелісті 60%-ке азайтады

© Photo : министерство индустрии и инфраструктурного развития Республики КазахстанАйналма жол құрылысы
Айналма жол құрылысы - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.07.2022
Жазылу
Үлкен Алматы техникалық санаттағы автожолдың жалпы ұзындығы 66 шақырымды құрайды
АЛМАТЫ, 25 шілде – Sputnik. Үлкен Алматы айналма жолының құрылысы мегаполис көшелерін 60%-ке жеңілдетіп, экологиялық жағдайды жақсартады. Жұмыстарды аяқтау мерзімі 2023 жылға жоспарланған.
Үлкен Алматы айналма жолының құрылыс барысын индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Алмаз Ыдырысов инспекциялады, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Үлкен Алматы техникалық санаттағы автожолдың жалпы ұзындығы 66 шақырымды құрайды. Айналма жол жобасын "Алсим Аларко-Макйол – СК Экоплан – Корея Экспрессвэй" түрік – корей консорциумы жүзеге асыруда.
"Үлкен Алматы айналма жолы құрылысының мақсаты қала көшелерін транзиттік көліктен тазарту. Оны жобалау кезінде, әлбетте, алматылықтардың пікірі ескерілді. Жол азаматтарға ыңғайлы болу үшін салынуда. Қазіргі уақытта барлық ұзындықта толық ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жұмыстарды уақытылы және сапалы орындау біздің министрліктің ерекше бақылауында", - деп атап өтті вице-министр.
Айналма жол бойында динамикалық өлшеу жүйесі (WIM) қолданылатын болады. Аталған технология көліктің салмағы мен өлшемдерін толық тоқтаусыз өлшеуге мүмкіндік береді.
Айналма жолдың негізгі пайдаланушылары ауыр салмақты транзиттік көлік құралдары болатындығын назарға ала отырып, автоматтандырылған өлшеу жүйесін енгізу автожолды пайдалану мерзімін айтарлықтай ұлғайтуға мүмкіндік бермек.
Қазіргі уақытта құрылыс нысанында 1652 адам мен техниканың 541 бірлігі жұмылдырылған. 51 шақырымда жер жұмыстары орындалды, 52 шақырымда төменгі қабат төселіп, 10 шақырымда қиыршық тасты-мастикалық асфальтбетон жабынынан жоғарғы қабат салынды.
"Бұл жобада қиыршық тасты-мастикалық асфальт оның өнімділігі мен тозуға төзімділігіне байланысты қолданылуда. Әлемдік тәжірибеде ол қозғалыс қарқыны жоғары жолдарда берік жол жамылғысы ретінде қолданылады. Сонымен қатар, ол, әсіресе жаздың ыстық мезгілінде, жолтабандарға қарсы өзінің тиімділігін дәлелдеді", – деді ведомствода.
Бұдан бөлек көпірлер салу жұмыстары 96%-ға орындалды. Электрмен және газбен жабдықтау желілерінің 179 данасы шығарылды. Сондай-ақ 106 су өткізу құбыры салынды.
Жаңалықтар
0