Саясат

Тоқаев Өзбекстан президентін туған күнімен құттықтады

Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.07.2022
Жазылу
Шавкат Мирзиёев бүгін 65 жасқа толды
НҰР-СҰЛТАН, 24 шілде – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорда.
Қасым-Жомарт Тоқаев өзбек елінің басшысын туған күнімен құттықтап, халықтың игілігі жолындағы жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.
Сондай-ақ, ол Мирзиёевтің екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті, достық және тату көршілік қатынастарды нығайтуға қосқан жеке үлесін ерекше атап өтті.
Екі елдің басшылары ынтымақтастық мәселелерін де талқылап, алдағы уақытта өтетін жоғары деңгейдегі кездесулердің кестесін қарастырып шықты.
Айта кетері, бүгін Өзбекстан президенті Шавкат Миромонұлы Мирзиёев 65 жасқа толды. Ол 1957 жылы 24 шілдеде Жизак облысында диқаншылар әулетінде дүниеге келген.
Мирзиёев 2016 жылы 14 желтоқсанда Өзбекстан президенті болды.
Жаңалықтар
0