Өңірлер

Павлодар облысында көлік жылқыны қағып кетті

© Sputnik / Владислав ВодневЖедел жәрдем көлігі
Жедел жәрдем көлігі - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.07.2022
Жазылу
Жол апатынан бес адам зардап шекті, оның ішінде жүкті әйел бар, екеуі ауруханаға жатқызылды
ПАВЛОДАР, 24 шілде - Sputnik. Сенбіден жексенбіге қараған түні Солнечный кентінің маңындағы Екібастұз-ГРЭС-2 автожолында Audi көлігі жылқыны қағып кетті, деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Ведомствоның мәліметінше, 34 жастағы Audi-80 жүргізушісі мен үш жолаушысы медициналық көмекке жүгінген.
Sputnik Қазақстанға Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінде хабарлағандай, жол апатынан бес адам зардап шеккен. 1995 жылы туған ер адам дәрігер тексеруінен бас тартты. Екеуі ауруханаға жатқызылды.
2003 жылы туған ер адам сүйек жарақатымен жансақтау бөліміне жатқызылды. Оның жағдайы тұрақты ауыр.
1988 жылы туған ер адам травматология бөліміне жабық бас сүйек-ми жарақатымен, бас миының шайқалуымен, сондай-ақ денесінде көптеген көгерумен жатқызылды. Оның жағдайы орташа ауыр.
2002 жылы туған жүкті әйелге амбулаториялық емдеу ұсынылды. Оның құрдасына жабық ми жарақаты, ми шайқалуы диагнозы қойылды. Бірақ ауруханаға жатудан бас тартты.
Жылқы иесі анықталды. Оған қатысты жеке тұлғалардың мүлкіне залал келтіру, ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік іс қозғалды. 10 АЕК (30 630 теңге) мөлшерінде айыппұл салынуы мүмкін.
Жаңалықтар
0