https://sputnik.kz/20220724/memleket-aqtobe-oqushy-45-mln-tenge-26308216.html
Мемлекет ақтөбелік оқушыға 4,5 млн теңге төлейді
Мемлекет ақтөбелік оқушыға 4,5 млн теңге төлейді
Sputnik Қазақстан
Сондай-ақ мектеп оқушысы кез келген жоғары орнына ҰБТ-сыз түсе алады 24.07.2022, Sputnik Қазақстан
2022-07-24T10:45+0500
2022-07-24T10:45+0500
2022-07-24T10:45+0500
білім
оқушы
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0f/15742581_0:0:3000:1688_1920x0_80_0_0_937269750c76e02127da04f775abe495.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 24 шілде – Sputnik. Ақтөбе қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы халықаралық олимпиаданың жеңімпазы атанғаны үшін ақшалай сыйақымен марапатталды. Бұл - жаңа заңның талабы, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан "Диапазон" порталына сілтеме жасап.12-сынып оқушысы Санжар Хамиев географиядан IGeO-2022 халықаралық олимпиадасының алтын жүлдесін жеңіп алған. Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, Санжарға 4,5 миллион теңге сыйақы табысталады. Оған қоса, мектеп оқушысы кез келген жоғары орнына ҰБТ-сыз түсе алады.Халықаралық олимпиада Париж қаласында онлайн режимде өтті. Оған 54 елден 216 жас географ қатысқан. Олар жазбаша және мультимедиялық тапсырма орындап, өзара жарысты.Санжар географияны қызығып оқиды. Ал олимпиаданың арқасында өз білімін тексердім дейді. Былтырғы олимпиаданың жеңімпазы Рустам Валеевтің көмегі орасан болғанын жасырмайды.Айта кетері, мамыр айында президент халықаралық пәндік олимпиада жеңімпаздарына біржолғы ақшалай төлем төлеу нормасын қарастыратын заңға қол қойды.Оған сәйкес, алтын медаль алған оқушыға 1 500 АЕК (4 770 000 теңге), күміс медальға 1 000 АЕК (3 180 000 теңге), қола медальға 500 АЕК (1 590 000 теңге) ақшалай сыйақы беріледі. Сонымен қатар оқушыларды жарысқа дайындаған мұғалімдерге де біржолғы сыйақы төленеді.Бұдан бөлек, халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері қазақстандық жоғары оқу орындарында тегін оқи алады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0f/15742581_524:0:2775:1688_1920x0_80_0_0_59e260f84ccf96484285465180775f67.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
оқушы
Мемлекет ақтөбелік оқушыға 4,5 млн теңге төлейді
Сондай-ақ мектеп оқушысы кез келген жоғары орнына ҰБТ-сыз түсе алады
НҰР-СҰЛТАН, 24 шілде – Sputnik. Ақтөбе қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы халықаралық олимпиаданың жеңімпазы атанғаны үшін ақшалай сыйақымен марапатталды. Бұл - жаңа заңның талабы, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан
"Диапазон" порталына сілтеме жасап.
12-сынып оқушысы Санжар Хамиев географиядан IGeO-2022 халықаралық олимпиадасының алтын жүлдесін жеңіп алған. Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, Санжарға 4,5 миллион теңге сыйақы табысталады. Оған қоса, мектеп оқушысы кез келген жоғары орнына ҰБТ-сыз түсе алады.
Халықаралық олимпиада Париж қаласында онлайн режимде өтті. Оған 54 елден 216 жас географ қатысқан. Олар жазбаша және мультимедиялық тапсырма орындап, өзара жарысты.
Санжар географияны қызығып оқиды. Ал олимпиаданың арқасында өз білімін тексердім дейді. Былтырғы олимпиаданың жеңімпазы Рустам Валеевтің көмегі орасан болғанын жасырмайды.
"Мен 9-шы сыныптан бастап қатты дайындалдым. IGeO-ге бір рет болса да қатысуды армандадым. Иә, қиын кездер де болды, арманымнан бас тартуды да ойладым. Бірақ нәтижесін көргенде жеңіске жеткеніме бірден сенбедім", - дейді Хамиев.
Айта кетері, мамыр айында президент халықаралық пәндік олимпиада жеңімпаздарына біржолғы ақшалай төлем төлеу нормасын қарастыратын
заңға қол қойды.Оған сәйкес, алтын медаль алған оқушыға 1 500 АЕК (4 770 000 теңге), күміс медальға 1 000 АЕК (3 180 000 теңге), қола медальға 500 АЕК (1 590 000 теңге) ақшалай сыйақы беріледі. Сонымен қатар оқушыларды жарысқа дайындаған мұғалімдерге де біржолғы сыйақы төленеді.
Бұдан бөлек, халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері қазақстандық жоғары оқу орындарында тегін оқи алады.