Оқиға

Ақтөбе облысының тұрғынына найзағай түсті

CC BY-SA 3.0 / Smyr1 / Ankara LightningНайзағай
Найзағай - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.07.2022
Жазылу
Төтенше оқиға жексенбі күні таңертең Ембіде Әйтеке би көшесінде болған
НҰР-СҰЛТАН, 24 шілде - Sputnik. Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданында адамға найзағай түсті.
Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, төтенше оқиға жексенбі күні таңертең Ембіде Әйтеке би көшесінде болған.
"1981 жылы туған тұрғын Ембі аудандық ауруханасына жеткізілді. Қазір оның жағдайы тұрақты", - деп хабарлады ведомствода.
Алдын ала ақпарат бойынша, ол мал бағып жүрген.
Найзағай кезіндегі қауіпсіздік ережелері:
биік ағаштар мен электр желілерінің жанында болмаңыз;
суға шомылуға тыйым салынады, өйткені суға разряд түсуі мүмкін;
қолыңызда ұзын металл заттарды, оның ішінде қолшатыр мен шыбық ұстамаңыз.
Жаңалықтар
0