Университетке түсуге тағы бір мүмкіндік беріледі – тамыз айында ҰБТ өтеді

© Sputnik / Владислав ВодневЦентр национального тестирования готовится принять выпускников
Центр национального тестирования готовится принять выпускников - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.07.2022
Жазылу
Тамыздағы ҰБТ-ға қатыса алатындардың тізімі де беріліп отыр
НҰР-СҰЛТАН, 23 шілде – Sputnik. Ұлттық тестілеу орталығы тамыз айындағы ҰБТ-ны өткізу уақытын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
25-30 шілде аралығында app.testcenter.kz сайтында ҰБТ-ға тіркелу жүргізіледі. Ал 10-13 тамыз күндері тестілеу ұйымдастырылады.
"Тест тапсырушылар ҰБТ-ға тіркелу кезінде тестілеу өтетін орынды, күнді және уақытты өз еркілері бойынша таңдайды. Сондай-ақ, негізгі ҰБТ-ға қатысқан тест тапсырушылар тамыз айындағы ҰБТ-да басқа бейіндік пәндер комбинациясын таңдай алады", - дейді орталық мамандары.
Тамыздағы ҰБТ-ға қатыса алатындардың тізімі де беріліп отыр.
Олар:
Қалауы бойынша ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдану үшін орта білім беру ұйымдарының ағымдағы жылғы бітірушілері;
ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдану үшін орта білім беру ұйымдарының өткен жылғы бітірушілері мен техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілері;
ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдану үшін мен шетелде білім алған орта білім беру ұйымдарының бітірушілері мен шетелде білім алған, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын, ұлты қазақ адамдар;
ЖОО-ға күндізгі оқу бөліміне ақылы негізде қабылдау үшін ҰБТ нәтижесі бойынша шекті балл алмаған, ҰБТ нәтижелері жойылған, бейінді пәндер комбинациясы сәйкес келмейтін ҰБТ нәтижелері бар тұлғаларды күнтізбелік жылы ақылы негізде одан әрі қабылдау үшін;
ЖОО-ға ақылы негізде шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары тобы бойынша білім алушы және басқа білім беру бағдарламалары тобына ауысуға ниет білдірген тұлғалар;
ЖОО-ға ақылы негізде басқа білім беру бағдарламалары тобы бойынша білім алушы және "Педагогикалық ғылымдар" білім беру саласы бойынша білім беру бағдарламалары тобына ауысуға ниет білдірген тұлғалар.
Тестілеуге қатысу құны – 4 230 теңге.
Жаңалықтар
0