https://sputnik.kz/20220723/toqaev-qazaqstannyn-frantsiyadagy-elshisin-tagayyndady-26294839.html
Тоқаев Қазақстанның Франциядағы елшісін тағайындады
Тоқаев Қазақстанның Франциядағы елшісін тағайындады
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 23 шілде – Sputnik. Мемлекет басшысының Жарлығымен Гүлсара Мерейқызы Арыстанқұлова Қазақстан Республикасының Француз Республикасындағы төтенше және... 23.07.2022, Sputnik Қазақстан
2022-07-23T10:06+0500
2022-07-23T10:06+0500
2022-07-23T10:06+0500
франция
елші
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/1210/49/12104976_0:104:2000:1229_1920x0_80_0_0_85857e0d271105b5f7a8d231c46514f2.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 23 шілде – Sputnik. Мемлекет басшысының Жарлығымен Гүлсара Мерейқызы Арыстанқұлова Қазақстан Республикасының Француз Республикасындағы төтенше және Өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Мемлекет басшысының Жарлығымен Жан Сержанұлы Ғалиев Қазақстан Республикасының Француз Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан, Қазақстан Республикасының Монако Князьдігіндегі төтенше және өкілетті Елшісі, ЮНЕСКО жанындағы Қазақстан Республикасының тұрақты өкілі қызметін қоса атқарудан босатылды.Жаңа елші жөнінде не белгілі.Гүлсара Мерейқызы Арыстанқұлова 1971 жылы 15 қазанда Жамбыл облысында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік әлем тілдері университетін, "Болашақ" бағдарламасы бойынша Страсбург қаласының Гуманитарлық ғылымдар университетін және Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітірген. Халықаралық қатынастар саласындағы доктор. Дипломатиялық қызметін 1998 жылы Қазақстанның Бельгиядағы Елшілігінің атташесі ретінде бастады. ҚР СІМ Орталық аппаратында ТМД істері жөніндегі комитеттің екінші, бірінші хатшысы, Халықаралық ақпарат комитетінің басқарма басшысы лауазымдарын атқарды. 2003-2007 жылдары Қазақстанның Франциядағы Елшілігінде екінші, одан кейін бірінші хатшы болып жұмыс істеді. 2008 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығында консультант, сектор меңгерушісі болып жұмыс істеді және Қазақстанның Франциядағы Елшісі лауазымына тағайындалғанға дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат және халықаралық байланыстар бөлімі меңгерушісінің орынбасары болды. Француз және ағылшын тілдерін меңгерген. ІІ сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломатиялық дәрежесіне ие.
франция
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1210/49/12104976_112:0:1889:1333_1920x0_80_0_0_f8471469bb9560b8b5fe8ca72385cf1b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
франция, елші, қасым-жомарт тоқаев
франция, елші, қасым-жомарт тоқаев
НҰР-СҰЛТАН, 23 шілде – Sputnik. Мемлекет басшысының Жарлығымен Гүлсара Мерейқызы Арыстанқұлова Қазақстан Республикасының Француз Республикасындағы төтенше және Өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Жан Сержанұлы Ғалиев Қазақстан Республикасының Француз Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан, Қазақстан Республикасының Монако Князьдігіндегі төтенше және өкілетті Елшісі, ЮНЕСКО жанындағы Қазақстан Республикасының тұрақты өкілі қызметін қоса атқарудан босатылды.
Жаңа елші жөнінде не белгілі
.Гүлсара Мерейқызы Арыстанқұлова 1971 жылы 15 қазанда Жамбыл облысында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік әлем тілдері университетін, "Болашақ" бағдарламасы бойынша Страсбург қаласының Гуманитарлық ғылымдар университетін және Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітірген. Халықаралық қатынастар саласындағы доктор. Дипломатиялық қызметін 1998 жылы Қазақстанның Бельгиядағы Елшілігінің атташесі ретінде бастады.
ҚР СІМ Орталық аппаратында ТМД істері жөніндегі комитеттің екінші, бірінші хатшысы, Халықаралық ақпарат комитетінің басқарма басшысы лауазымдарын атқарды.
2003-2007 жылдары Қазақстанның Франциядағы Елшілігінде екінші, одан кейін бірінші хатшы болып жұмыс істеді. 2008 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығында консультант, сектор меңгерушісі болып жұмыс істеді және Қазақстанның Франциядағы Елшісі лауазымына тағайындалғанға дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат және халықаралық байланыстар бөлімі меңгерушісінің орынбасары болды.
Француз және ағылшын тілдерін меңгерген. ІІ сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломатиялық дәрежесіне ие.