https://sputnik.kz/20220723/tekeli-mektep-direktory-agashtar-tergeu-26302824.html
Текеліде мектеп директоры ағаштарды кестіріп тастағаны үшін тергеуге алынды
Текеліде мектеп директоры ағаштарды кестіріп тастағаны үшін тергеуге алынды
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 23 шілде – Sputnik. Текелі қаласында мектеп ауласындағы қарағайларды кесу фактісі бойынша тергеу шаралары басталды, деп хабарлайды Sputnik... 23.07.2022, Sputnik Қазақстан
2022-07-23T18:15+0500
2022-07-23T18:15+0500
2022-07-23T18:15+0500
өңірлер
ағаш
мектеп директоры
https://sputnik.kz/img/1139/19/11391933_0:0:1199:674_1920x0_80_0_0_31f515b387c2013ec7cbea564dd35294.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 23 шілде – Sputnik. Текелі қаласында мектеп ауласындағы қарағайларды кесу фактісі бойынша тергеу шаралары басталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Бұған дейін әлеуметтік желіде мектеп ауласында кесілген ағаштардың видеосы тараған болатын.Бейнежазба авторы 16 қарағайды кесіп тастауға мектеп әкімшілігі тапсырма берді дейді."1989 жылы бүкіл класпен осы қарағайларды отырғызғанбыз. Жап-жақсы ағаштар, енді ғана күш алып жатыр еді, алды да, кесіп тастады", - деп ашынды видео авторы.Қала тұрғындары да наразылық білдірген. Ал желі қолданушылары мектеп басшылығының ақылға қонымсыз шешімін сынға алды.Тексеріс кезінде ағаштың кесілгені расталды. Мектеп басшылығы да түсініктеме берді. Олардың айтуынша, қарағайлар қатты желдің салдарынан құлап кететін еді. Оған қоса, терезе арқылы күн көзін өткізбей тұрған. Сол себепті ата-аналар және қамқоршылық кеңесімен ақылдаса отырып, ағаштарды кесіп тастауға шешім қабылданды.Жетісу облыстық полиция департаментіне қарасты жергілікті полиция басқармасының бас инспекторы Бағлан Рымжановтың айтуынша, әкімдікте өткен қоғамдық кеңесте мектеп директорының әрекеті заңсыз деп танылды.Департамент басшылығы қоғамдық резонанс туғызған істі тергеу шараларын жеке бақылауына алды.Айта кетері, 340-бапта 160 айлық есептiк көрсеткiшке (508 800 теңгеге) дейiнгi мөлшерде айыппұл не сол мөлшерде түзеу жұмыстары, я болмаса, 160 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстар немесе қырық тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алу жазасы қарастырылған.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1139/19/11391933_0:0:1067:800_1920x0_80_0_0_3fc089da5d767bcadc2a37885c4411ce.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ағаш, мектеп директоры
НҰР-СҰЛТАН, 23 шілде – Sputnik. Текелі қаласында мектеп ауласындағы қарағайларды кесу фактісі бойынша тергеу шаралары басталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бұған дейін әлеуметтік желіде мектеп ауласында кесілген ағаштардың видеосы тараған болатын.
Бейнежазба авторы 16 қарағайды кесіп тастауға мектеп әкімшілігі тапсырма берді дейді.
"1989 жылы бүкіл класпен осы қарағайларды отырғызғанбыз. Жап-жақсы ағаштар, енді ғана күш алып жатыр еді, алды да, кесіп тастады", - деп ашынды видео авторы.
Қала тұрғындары да наразылық білдірген. Ал желі қолданушылары мектеп басшылығының ақылға қонымсыз шешімін сынға алды.
Тексеріс кезінде ағаштың кесілгені расталды. Мектеп басшылығы да түсініктеме берді. Олардың айтуынша, қарағайлар қатты желдің салдарынан құлап кететін еді. Оған қоса, терезе арқылы күн көзін өткізбей тұрған. Сол себепті ата-аналар және қамқоршылық кеңесімен ақылдаса отырып, ағаштарды кесіп тастауға шешім қабылданды.
Жетісу облыстық полиция департаментіне қарасты жергілікті полиция басқармасының бас инспекторы Бағлан Рымжановтың айтуынша, әкімдікте өткен қоғамдық кеңесте мектеп директорының әрекеті заңсыз деп танылды.
"Текелі полициясында Қылмыстық кодекстің 340-бабы (Ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Материалдық шығының көлемі 1 715 280 теңгені құрап отыр", - дейді Рымжанов.
Департамент басшылығы қоғамдық резонанс туғызған істі тергеу шараларын жеке бақылауына алды.
Айта кетері, 340-бапта 160 айлық есептiк көрсеткiшке (508 800 теңгеге) дейiнгi мөлшерде айыппұл не сол мөлшерде түзеу жұмыстары, я болмаса, 160 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстар немесе қырық тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алу жазасы қарастырылған.