Өскеменде "қант сатқан" әйел 90 миллион теңгеге байып кетті - полиция тергеуді бастады

© Photo : Pixabay / Сахар, иллюстративное фото
Сахар, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.07.2022
Жазылу
Күдікті алдымен әлеуметтік желіде қант сататынын айтып, жарнаманы жан-жаққа таратқан
НҰР-СҰЛТАН, 23 шілде – Sputnik. Өскеменде жүздеген адамды тақырға отырғызған 29 жастағы келіншек ұсталды. Халықты қантпен қарық қылам деген алаяқ 90 миллион теңгені үптеп кеткен, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан КТК арнасына сілтеме жасап.
Күдікті алдымен әлеуметтік желіде қант сататынын айтып, жарнаманы жан-жаққа таратқан. Ал байланысқа шыққан адамдармен жылы-жылы сөйлескен. Сосын алдын-ала төлем жасауды сұрады.
Осылайша, аз уақыттың ішінде халықтан 90 миллион теңге жинап алды. Бірақ бірде-бір тапсырыс орындалмады.
Қала тұрғындары алданып қалғандарын түсінгеннен кейін бірден полицияға арыз жазған. Соның негізінде тәртіп сақшылары алаяқ әйелді ұстады. Қазіргі кезде қылмыстық іс қозғалды.
"Аталған факті бойынша Қылмыстық кодексінің 190-бабы, 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл қызға қатысты келу міндеттемесі түрінде бұлтартпау шарасы қабылданды", - дейді облыстық полицияның ішкі және сыртқы коммуникациялар басқармасы басшысының міндетін атқарушы Татьяна Карпова.
Айта кетері, халықты алдап кеткен келіншек үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзiмге бас бостандығын шектеу не сол мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасына кесілуі мүмкін. Мүлкі тәркіленеді.
Жаңалықтар
0